9. Қорғаныс рефлекстері. Пирамидалық жҥйенің зақымдану симптомдарына, орталық
сал ауруында байқалатын қорғаныс рефлекстері жатады.
Қорғаныс рефлекстері дегеніміз – сал болып қалған аяқ–қолға
тітіркендіргіштер әсер еткен кезде, ырықтан тыс жазылуы мен
бҥгілуі.
10. Патологиялық рефлекстер (жазылу және бүгілу). Патологиялық рефлекстер деп, ересек сау адамда пайда
болмайтын, тек жҥйке жҥйесінің зақымдануында ғана
байқалатын, мидың тежеуші әсерінің тӛмендеуімен байланысты
рефлекстер (патологиялық рефлекстер пирамидалық жҥйенің
зақымдануынан пайда болады) аталады.
Патологиялық рефлекстер жазылу және бҥгілу рефлекстері
болып бӛлінеді (аяқ-қол ҥшін). Бҧл патологиялық рефлекстер
66
пирамидалық жҥйенің зақымдануында дами бастайтын, орталық
(спастикалық) сал ауруының синдромын қҧрайды. 1 жасқа дейінгі
балаларда, бҧл рефлекстер патологиялық белгі болып
саналмайды.