Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


 ПДТ балалардың іс-әрекет ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет98/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

7.2. ПДТ балалардың іс-әрекет ерекшеліктері 
 
Психикалық  дамудың  тежелуі,  ауытқудың  жеңіл  тҥріне 
жататындығына  қарамастан,  ол  бҧл  категориядағы    балалардың 
дамуындағы    басым  бағыттардың  тежелуіне  кері  ықпалын 
тигізеді.  
ПДТ  баланың  мектепке  дейінгі  жасында,  яғни  алғашқы  7 
жылында,  ересек  адамдармен  қарым-қатынас  жасау  тҥрлерінде, 
қажетті  адамдардың  қандай  да  бір    даму  кезеңіндегі  тәжірибе 
жинақтауын  қамтамасыз  ететін,  тҧтас  әрекеттер  тҥрлерінде 
тежелу болады.  
«Эксперименттер  кӛрсеткендей,  мектепалды  жасында  бҧл 
категориядағы  балалардың  басым  кӛпшілігі,    ересек  адамдармен  
қарым-қатынас  жасаудың  жоғары  формалары  жағдаяттық 
(ситуативтік)  емес  –  танымдық  және  жағдаяттық  емес  –  жеке 
тҧлғалық 
қарым-қатынастарды 
меңгермейді. 
Керісінше, 
жағдаяттық–іскерлік  ӛзара  әрекет  формаларын  қалайды.  Ал 
жағдаяттық–іскерлік 
әрекеттерде, 
жоғары 
қарым-қатынас 
тҥрлерімен салыстырғанда, балалардың тілдік және адамгершілік 
дамуына  мҥмкіндік  беретін  жағдайлар  болмайды  (Е.  Е. 
Дмитриева, Е. А. Чернышова). 
Бҧл  балалалардың  жетекші  әрекеттерінің  алмасуында  
тежелу  байқалады.  Бҧл  тежелу,  әсіресе,  мектепке  дейінгі  жаста 
сюжеттік–рӛлдік  ойындар  жетекші  әрекет  болып  саналатын 
кезеңде,  анық  кӛрініс  береді.  Тежелу  қаншалықты  айқын  болса,  
соншалықты  ойынның  барлық  компоненттері  зақымданады. 
Церебральды–органикалық  генезді,  психикалық  даму  тежелуінде 
жан-жақты  ашылған,  сюжеттік–рӛлдік  ойындар  арнаулы 
ҥйретусіз  қалыптаспайды.  Балалар  ӛздігінен  рӛлдарді  бӛлісе 
алмайды, ойын ережелерін сақтамайды»
1
.
 
------------------------- 
1
Основы специальной психологии / Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: «Академия», 2002. — 
С.109. 


 
115 
Мектеп  алды  жасындағы  ПДТ  балалар,  қалыпты  дамудағы 
балалар  және  ақыл-ойы  кем  балалардың  ойын  әрекеттеріне, 
салыстырмалы  зерттеулер  жҥргізген  ғалымдар  мынаны  айтады: 
ойын  әрекетінің  жетекші  әрекет  ретіндегі  сапасы  мен 
динамикасы,  мектепке  дейінгі  кезеңде  ПДТ  балалардың  келесі 
жас кезеңіне, табиғи жолмен кӛшуін қамтамасыз ете алмайды. Ал, 
қалыпты  дамуда,  мектепке  дейінгі  жастың  соңына  қарай,  яғни 
мектеп алды жасқа келгенде, ойын әрекеті ӛзінің қҧрылымы мен 
негізгі  параметрлері  жағынан,  біртіндеп  оқу  әрекетіне  жақындай 
бастайды. Бҧл мынадан  байқалады: ойын мазмұнынан – балалар 
болашақ  мектептегі    қарым-қатынастар,  мамандықтар  туралы 
мағлҧматтар,  ертегі  және  фантастика  материалдары  туралы 
мағлҧматтар, жарыс жағдаяттарындағы жеңіске жету мақсаты т.б. 
қарым-қатынастарды  бейнелейтін,  ойындардың  сюжеттеріне 
қызығушылық  таныта  бастайды.  ПДТ  балалар  жалпы  сюжетті–
рӛлдік 
ойындарды 
қалайтындықтарына 
қарамастан, 
тек 
тҧрмыстық  тақырыптағы    ойындарды  жоғары  деңгейде  ойнай 
алады. 
Бҧл  ойындардың  ҧзақтығынан,  рӛлдік  ӛзара  қарым-
қатынастарды сақтаудан байқалған.  Әсіресе «ана–бала»  сюжеті 
ӛте  жиі  кездескен.  Сӛйте  тҧра,  бҧл  ойын  ӛзінің  тым 
жадағайлығымен  ерекшеленеді:  кӛп  жағдайда,  отбасындағы 
қарым-қатынастардың  теріс  аспектілері  кӛрініс  берген.  Басқа 
сюжеттер әртҥрлі деңгейде, тек «отбасылық» сюжетке  қосымша  
болып  қалады.  
Баладағы  ӛмірлік  тәжірибелермен  байланысты,  «мектеп» 
тәрізді  сюжеттерде,  ПДТ  бала  бірден  әлеуметтік-заттық  әрекет 
деңгейіне кӛшеді, ал қалыпты дамудағы балаларда,  бҧл қҧбылыс 
3–5 жасқа тән.  
Жалпы  ойын  әрекеті  эмоционалды,  қимыл-қозғалыстық, 
когнитивтік    жағынан,    ПДТ  балалардың  ӛздерін    барлық 
қырынан  кӛрсетуіне,  шексіз  мҥмкіндік  береді,  сондықтан,  олар 
ҥшін ойын ӛте маңызды әрекет болып саналады.  
«Психикалық  дамуы  тежелген  балалардың  оқу  қабілеттерін 
тҥпкілікті  тҥрде  зерттеуге,  У.  В.  Ульенкова  ӛз  еңбектерін 
арнайды, 
ол 
ырықты, 
толыққанды 
оқу 
әрекеттерінің 
қалыптасуының  негізгі параметрлерін  анықтап кӛрсетеді. 


 
116 
Түрткі,  ынта  компонентінде:  баланың  тапсырмаға  деген 
қызығушылығы, ынтасы; ҥдеріс пен  іс-әрекет  нәтижесіне деген  
кӛзқарасының эмоционалдық ерекшеліктері; іс-әрекеттің  жалғасу 
мҥмкіндігіне  эмоционалды кӛзқарас; 
Реттеу  компонентінде:  тапсырманы  қабылдаудың    толық 
деңгейі;  оның  іс-әрекеттің    соңына  дейін    сақталу  деңгейі; 
тапсырманы  орындау  барысындағы,  ӛзіндік    бақылау  сапасы; іс-
әрекет нәтижесін  бағалау барысындағы  ӛзіндік  бақылау сапасы 
- ӛз еңбегінің нәтижесін, сыни тҥрде  бағалауға, қойылған бағаны 
негіздеуге қабілеттілігі; 
Бағдарлы-операциялық  компонентте:  алда  орындалатын  іс-
әрекетті  жоспарлау  ерекшеліктері  (жалпы  мақсатты,  орындау 
тәсілдері мен әдістерін, саналы тҥрде ҧғынатындығын кӛрсететін 
ерекшеліктер);  іс-әрекетті  саналы  тҥрде  қабылдау  мен  орындау 
деңгейі.
 
Балалардың  жалпы  оқу  қабілеттерін  зерттеп  білу  ҥшін,  оқу 
материалына  енетін  тапсырмалар,  бағынатын  мінез-қҧлық, 
жалаушалардың  суретін  салуда,  оның  басқа  параметрлері  (тҥсі, 
ӛлшемі,  салу  реті)  назардан  тыс  қалады  да,  балалар  тек 
жалаушаларды  салу  мақсатын  қабылдайды.  3  деңгейде  тҧрған 
ПДТ  балаларға,  негізінен  тӛмендегі  ерекшеліктер  тән  болып 
саналады:  позитивті  (оң)  мінездеме  –  тапсырманы  орындаудың 
барлық  барысында,  жалпы  мақсатты,  саналы  тҥрде    ҧғыну  және 
ӛз  әрекетін    соған  бағындыру;  кӛзге  тҥсетін  эталондарды 
(мысалы,  тҥстерді)  ӛз  әрекеттерінің  нәтижелерін  бақылау  мен 
бағалау ҥшін  пайдалануға  тырысу; негативті (теріс) мінездеме – 
орындалатын  іс-әрекетке  деген    жағымды  эмоционалды  
кӛзқарастың  болмауы  (кез  келген  уақытта  тоқтатуға  дайындық); 
іс-әрекет  жоспарын    вербализациялаудың  болмауы  мен  жалпы 
мақсатты  вербализациялау;  ешқандай  логиканы  сезінбеу, 
нәтижеге  қол  жеткізу  жолдарын  еш  ойланбастан,  ҧсынылған 
ҥлгіден  кӛшіру  техникасын  пайдалану;  іс-әрекетінің  нәтижесін, 
адекватты бағалау қабілетінің болмауы. 
Іс-әрекет  пен  мінез–қҧлықты  реттеу,  баланың  ӛзінің  нақты 
іс-әрекетін  ӛзіндік  бақылауын  жҥзеге  асырудан  да  гӛрі,  кҥрделі 
қҧрылым.  Мектеп  жасына  дейінгі  ПДТ  балалардың  ӛзіндік 
бақылау  әрекеттерінің    қалыптасуын,  қалыпты  дамудағы 


 
117 
балалармен  салыстыра  зерттеп  қарастыру  негізінде  тӛмендегі 
нәтижелерге қол жетті (У. В. Ульенкова). 
Тест тапсырмаларына  оқу тапсырмаларының моделі ретінде,  
топпен бірге орындалатын графикалық диктант беріледі. Балалар 
15  минут  ішінде,  жай  қарындашпен  дәптер  парағының  бір 
жолына, таяқшалар мен сызықшалар салып шығады. Тапсырманы 
орындау барысында, келесі тәртіп сақталуы керек: 
1)  таяқшалар  мен  сызықшаларды,  берілген  ҥлгі  бойынша  
белгілі бір ретпен жазу;  
2) қызыл жиектен шығармай жазу;  
3) белгілерді бір жолдан екінші жолға, дҧрыс ретпен кӛшіру;  
4) жолдардың бәріне бірдей емес, жол аралатып жазу; 
Бағалау  критерийлері  ретінде,  ӛзіндік  бақылау  әрекеттері 
қалыптасуының келесі белгілері  пайдаланылады:  

 
тапсырманы  толық    қабылдау  деңгейі  (толық,  жартылай, 
мҥлде қабылдамайды); 

 
тапсырманы  соңына  дейін  толық  сақтау  денгейі  (барлық 
компоненттерін,  жартылай,  толық жоғалту); 

 
тапсырманы  орындау  барысындағы    ӛзіндік    бақылау 
сапасы (қателерін байқайды, тҥзетеді, тҥзетпейді); 

 
іс-әрекет  нәтижесін    бағалау  барысындағы,    ӛзіндік 
бақылау    сапасы  (ӛз  жҧмыстарын  тексеруге    тырысады  және 
мҧқият 
тексереді, 
ҥстірт 
шолумен 
шектеледі, 
мҥлде 
тексермейді)»
1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет