Ӛзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 1. Білім алу қажеттіліктері ерекше балаларды зерттеудің
міндеттері, қағидалары мен әдістері қандай?
2. Баланы психологиялық зерттеудің барысына сипаттама
бер.
3. Оқыту экспериментінің мәнісі неде?
4. Дамытушылық қағиданы диагностиканың негізгі қҧрамдас
бӛлігі деп неге есептейді?
5. Психологиялық зерттеудің қорытындысын жасау
кезеңдері.
7. ДАМУЫНДА БҦЗЫЛУЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ІС- ӘРЕКЕТ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ «Адамның іс-әрекеті – кҥрделі ҥдеріс. Адамның іс-әрекетінің
қоғамдық маңызы зор. Адамның сана-сезімі ӛскен сайын, оның іс-
әрекеті де, жаңа мазмҧнға ие болып отырады»
1
.
Іс-әрекет – бҧл қоршаған ортадағы, нақты дҥниемен ӛзара
белсенді қарым-қатынас жасау, оның барысында, тірі жан
қоршаған ортаға ӛз мақсатына сай ықпал етуші және ӛз
қажеттіліктерін қанағаттандырушы субъект ретінде алынады. Іс-
әрекеттердің кӛптҥрлілігіне қарамастан, олардың әрқайсысының
негізгі қҧрылымдық бірліктерін ажыратуға болады: ол ең
алдымен, адамды әртҥрлі іс-әрекеттерге бастайтын; ол іс-
әрекеттің не ҥшін, қандай мақсатқа бағытталатынын анықтайтын;
бағытталған іс-әрекеттің орындалуы арқылы алынуы мҥмкін
нәтижені болжайтын; сыртқы материал ретінде пайдаланылатын
қҧралдар мен әртҥрлі психикалық ҥдерістердің кӛмегімен жҥзеге
асатын ішкі әрекеттер – ынта мен тҥрткі болып табылады.
----------------------
1
Жарықбаев К. Жалпы психология.- Алматы, 2004. – Б. 69.