Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


  Сӛйлеуі бҧзылған балалардың зейін ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет136/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

10.5.  Сӛйлеуі бҧзылған балалардың зейін ерекшеліктері 
 
Сӛйлеуі  бҧзылған  балалардың  зейіндері,  бірқатар  ӛзіндік 
ерекшеліктермен  сипатталады:  олардың  зейіндері  тҧрақсыз, 
ырықты  зейіндері  тӛмен,  іс-әрекеттерін  жоспарлай  алмайды. 
Мақсатты  әрекеттерде,  оның  ішінде,  шешім  қабылдауда 
зейіндерін шоғырландыра алмайды.   


 
204 
Модальдық  тітіркендіргіштердің  тҥріне  қарай  (есту  немесе 
кӛру), олардың зейіндерін шоғырландыру, әртҥрлі: айталық, кӛріп 
қабылдағаннан  гӛрі,  естіп  қабылдаған  нҧсқауды  орындау, 
анағҧрлым  қиынырақ.  Бірінші  жағдайда  жіберілетін  қателердің 
саны анағҧрлым кӛп, себебі, тҥс, форма, фигуралардың орналасуы 
бойынша, саралау жасау бҧзылған.  
Жалпы  тіл  дамуы  жетілмеген  балалардағы  іс-әрекет 
қарқыны, жҧмыс ҥдерісінің соңына қарай тӛмендейді. Сӛйлеу мен 
тәжірибелік  іс-әрекет  арасындағы  зейіннің  таралуы  ӛте  қиын, 
тіпті мҥлдем шешілмейтін мәселе болуы мҥмкін.   
Жалпы  тіл  дамуы  жетілмеген  балалардағы,  зейін 
кемшілігінен  болатын  қателер,  іс-әрекет  барысында  сақталады, 
олар мҧны дер кезінде байқап тҥзете алмайды. Қателердің сипаты 
мен  таралу  уақыты,  сапалық  жағынан,  қалыпты  балалардан 
ӛзгеше екендігі белгілі. 
Іс-әрекетті  бақылаудың  барлық  тҥрлерінің  (алдын-ала 
бақылау, ағымдық бақылау,  қорытынды бақылау) қалыптаспауы, 
жиі  ҧшырасады,  немесе  айтарлықтай  бҧзылады,  оның  ішінде  ең 
кӛп  зардап  шегетіні,  тапсырманың  шартымен  байланысты 
болатын  алдын-ала  бақылау  тҥрі  және  тапсырманы  орындау  
ҥдерісерімен  байланысты,  ағымдық  бақылау  тҥрі.  Алынған 
нәтижемен  байланысты  болатын,  қорытынды  бақылау  тҥрі  мен 
оның  жеке  элементтері,  негізінен  педагогтың  кӛмегімен  жҥзеге 
асады:  нҧсқау  қайталанады,  ҥлгі  қайтадан  кӛрсетіледі,  нақты 
нҧсқаулар  беріледі  т.б.  Ырықты  зейін  ерекшеліктері,  бҧл 
балаларда  кӛңілдерінің  бӛлінуімен  анықталады.  Егер  тілдік 
дамуы 
қалыпты 
балаларға, 
іс-әрекет 
барысында, 
экспериментаторға  кӛңілі  бӛліну  ҥрдісі  тән  болса,  (балалар 
эспериментаторға  қарап,  оның  орындалып  жатқан  тапсырмаға 
реакциясын  білгісі  келеді,  яғни  дҧрыс-бҧрыстығы),  ал  тілдік 
патологиясы  бар  балалардың,  кӛңілдерінің  бӛлінуіне,  келесі 
жайлар  себеп  болады:  жан-жағына  немесе  терезеге  қарау, 
тапсырмаға  қатысы  жоқ  әрекетпен  шҧғылдану  т.б.  Ырықты 
зейіннің  тӛмен  деңгейі,  олардың  іс-әрекет  қҧрылымының 
қалыптаспауына немесе бҧзылуына себеп болады. 
 
 
 


 
205 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет