Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет161/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

13.7.  Аутизмі бар балалардың сӛйлеуі 
 
ЕЖБА  бар  балалардың  сӛйлеуінің  бірқатар  ерекшеліктері 
бар,  сӛйлеудің  экспрессивтік  жағы  ӛзгеше  қалыптасады. 
Біріншіден,  олар  сӛйлеп  тҧрған  адамға,  мҥлде  реакция 
жасамайды.  Ал,  енді  сыбырмен  немесе  әндетіп  айтылған  сӛзді, 
бірден қабылдайды.  
Екіншіден,  бҧл  балалардың  уілдеу  тҥріндегі  белсенді  тілдік 
реакциялары,  қалыпты  дамып  келе  жатқан  балаларға  қарағанда, 
кешірек  қалыптасады,  әрі  екпін  мен  әуеннен  ада,  тым  жҧпыны 
болып  келеді.  Былдырлау  тілі,  осы  сияқты:  былдырлап  сӛйлеу 
фазасы  мҥлде  жоқ,  кейбірінде,  ересек  адамдардың  сӛзіне 
былдырлап жауап беру реакциясы мҥлде жоқ.. 
Әдетте, балалардың алғашқы сӛздері ерте пайда болады. Бҧл 
кәдімгі «мама», «папа», «ата», сӛздері, бірақ басым жағдайда, бҧл 
сӛздер,  ересек  адамдарға  ешбір  қатыссыз  қолданылған. 
Балалардың  басым  кӛпшілігінде,  2  жастан  бастап,  таза 
дыбысталған фразалық сӛйлеу пайда болады. Бірақ, балалар оны 
адамдармен  қарым-қатынас  жасау  мақсатында  пайдаланбайды. 
Олар  сҧрақтарды  сирек  жағдайларда  қояды,  сҧраған  кҥнде, 
тоқтаусыз  қайталап  сҧрай  береді.  Бір  қызығы,  балалар  ӛз 
беттерімен ойнағанда, ӛте бай сӛйлеуді пайдаланады: әлдеқандай 
әңгіме айтады, ӛлеңдер оқиды, ән салады. Кейбір балалар, ҥздіксіз 
сӛйлей береді, айтылған сӛзге қҧлақ салмайды, қойылған сҧрақты 
жауапсыз  қалдырады,  тіпті  ешкімге  бағытталмаған,  бӛгде 


 
248 
нәрселерді  айтады.  К.  С.  Лебединская  мен  О.  С.  Никольскаяның 
классификациясы  бойынша,  1-топқа  жататын  анағҧрлым  ауыр 
деңгейдегі  балалар, сӛйлеуді мҥлде меңгермей қалуы мҥмкін.  
Ҥшіншіден,  ЕЖБА  бар  балалардың  сӛйлеуінде,  кемістік 
болмайды.  Бірақ,  олар  сӛздерді  орынсыз,  ешқандай  эмоциясыз, 
шаблонды тҥрде қолданады. 2-топқа жататын балаларға, сӛздерді 
«телеграфтық  мӛр»  тҥрінде,  эхолалия  тҥрінде,  кейде  1-жақсыз, 
ӛздерін 3-жақта сӛйлеу белгісі тән.  
Қарым-қатынас  жасаудан  қашқақтау,  әсіресе,  сӛйлесуден 
қашу  тәрізді  мінез-қҧлық,  бҧл  категориядағы  балалардың 
сӛйлеуінің  дамуына  кері ықпал жасайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет