13.6. Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалардың
сӛйлеуі
БЦП бар балалардың сӛйлеуі, сандық және сапалық
ерекшеліктерімен, ӛзіндік айрықша белгілерімен сипатталады.
БЦП бар балалардың 60-70%-да дизартрия, яғни сӛйлеу
аппаратының
иннервациясының
органикалық
жетіспеуі
салдарынан болатын, сӛйлеудің дыбыстау жағының бҧзылуы
байқалады.
БЦП-ғы дыбыстық бҧзылулар, негізінен жалпы қимыл-
қозғалыстық бҧзылулармен байланысты. Мысалы, БЦП–ң
гиперкинетикалық формасындағы, балалардың сӛйлеуі еріннің,
тілдің
т.б.
гиперкинезінің
салдарынан
бҧзылады.
Гиперкинетикалық формадағы бҧлшық еттердің ауыспалы
тонусы, дыбыстардың әр кезде, әртҥрлі бҧзылуын туғызады. Аяқ-
қолдағы бҧлшық ет тонусының кҥрт жоғарылауынан, тіл мен
жҧтқыншақ бҧлшық еттерінде спазм пайда болуы мҥмкін. БЦП-ң
атониялық-астатикалық формасында, сӛйлеу ақырын, монотонды,
ҥзік-ҥзік болып келеді. Дыбыстау жағындағы бҧзылулар,
дыбыстарды тастап кету, алмастыру немесе бҧрмалап айту
тҥрінде кездеседі. БЦП-ғы кинестезияның бҧзылуы, тіл мен ерін
қалпын сезінуге мҥмкіндік бермейді, ал бҧл артикуляцияны
245
қиындатады. Аса ауыр тілдік бҧзылулар гиперкинезді балаларда
жиі кездесетін, есту бҧзылуымен қатат ҧшырасады. Сӛйлеудің
дыбыстау жағының бҧзылуы, тыныс алу мен дыуыс шығарудың
бҧзылуынан кҥшеюі мҥмкін.
«БЦП-да, сӛйлеудің лексикалық-грамматикалық жағы
жеткілікті деңгейде қалыптаспайды. Е. М. Мастюкованың
зерттеулері, БЦП бар балалардың алғашқы сӛздері, тек 1,5 жаста,
фразалық сӛйлеуі 3-3,5 жаста пайда болатынын кӛрсетеді. М. В.
Ипполитованың және Н. В. Симонованың мәліметтерінде, 6-7
жастағы БЦП бар балалар сӛйлеуде шылауларды ӛте сирек
қолданатыны келтіреді. Балалардың басым бӛлігіне, уақыттық
және кеңістіктік байланыстарды, ӛздерінің тілінде жеткіліксіз
сараланған тҥрмен жеткізу тән. Кӛп жағдайда кеңістіктік
қатынастарды сӛзбен жеткізулері тым тҧрпайы, жасқа сай,
нормаға сәйкес келмейді, қалыпты онтогенезде, 4 жас шамасында
байқалатын сӛйлеу тәрізді. Сӛйлеудің сапасы, психикалық
әрекеттер мен ойлау қарқынының тҧтас алғандағы сипатымен
анықталады.
Н. В. Симонованың мәліметтері, сондай-ақ, 5-7 жас
аралығындағы БЦП бар балалардың сӛйлеуінің, лексика-
грамматикалық дамуы, жеткіліксіз екендігін кӛрсетеді: тҥрлі
әркеттер барысында, жинақталатын белсенді және енжар сӛздік
қорларының тым аздығы, шектеулілігі т.б. Әсіресе, белгілі бір
тақырыпқа қатысты, сӛздер тобы ӛте аз: кӛлік тҥрлері, жан-
жануарлар, ӛсімдіктер әлемі, жиһаз т.б. Заттардың сапалары мен
қасиеттерін, белгілерін білдіретін сӛздер қоры жеткіліксіз. Н. В.
Симонованың пікірінше, сӛздік қордың белсенді қолданысқа
тҥспеуі, сӛздік атауларды ҧмыту, жеке лексика-грамматикалық
топтарды дҧрыс қолдана алмау т.б. БЦП бар балаларда сӛйлеудің
дамуы, сӛйлеуі жалпы жетілмеген балалардың тіліне ҧқсайды.
Балалардың басым кӛпшілігінде, алғашқы сӛздер, тек 2-3
жаста, фразалық сӛйлеу 3-5 жас шамасында пайда болады, ең
қиын жағдайда, мектепке келгенде ғана пайда болады. БЦП бар
балалардың тілдік дамуындағы тежелулер, сӛйлеуге қатысатын
қозғалыс механизмдерінің зақымдануына байланысты, баланың
практикалық тәжірибесі мен әлеуметтік қарым-қатынасын
шектейтін, аурудың ӛзіндік спецификасына байланысты. Мектеп
жасындағы кӛптеген балаларда, тілдің жалпы жетілмеуінің айқын
246
дәрежесі байқалады. Бҧл балалардың сӛздік қорлары ӛте
жҧпыны, сондықтан, олар әртҥрлі заттар мен қимыл-
қозғалыстарды, қҧбылыстарды атауда, жаттанды сӛздерді
қайталауға бейім, синонимдік қатар жоқ. кейбір жалпылаушы
ҧғымдар мҥлдем болмайды. Әсіресе, заттың белгілерін,
қасиеттерін, сапаларын білдіретін сӛздер қоры ӛте аз. Балалардың
кӛпшілігі, фразалық сӛйлеу тілін пайдалана алады, бірақ, әдетте,
сӛйлемдері, 2-3 сӛзден ғана тҧрады; сӛйлемдегі сӛздер ӛзара
қабыспайды; шылаулар қате қолданылады немесе мҥлде
қолданылмайды. Мектеп жасындағы балалардың кӛбінде,
кеңістіктік-уақыттық мағлҧматтардың қалыптасуының тежелуі
әлі сақталады, олардың кҥнделікті сӛйлеуде қолданатын
заттардың
кеңістікте
орналасуын
білдіретін,
уақыттық
қатынастарды білдіретін сӛздер шеңбері шектеулі. Сӛйлеуді
қабылдау мен тҥсінуде, ӛзіндік ерекшеліктер бар: сӛздің кӛп
мағыналылығын
жете
ҧғынбау,
кейде
қоршаған
орта
қҧбылыстары мен заттары туралы мағлҧматтарының болмауы т.б.
Соған орай, кӛркем шығармалардың, арифметикалық есептердің,
бағдарламалық материалдың мағынасын тҥсіну қиынға соғады»
1
.
БЦП бар оқушыларда, жалпы алғанда тілдік қабілеттің тӛмен
деңгейде болатынына, дәлел ретінде, лексикалық қиындықтар
байқалады. БЦП бар балалардың лексикалық мағыналарды
саралау қиындығы, антонимдер мен синонимдерді орынсыз
қолдануы, сӛздердің лексикалық ҥйлесімін бҧзып қолданулары
жиі ҧшырасады. Мҧның барлығы, сӛйлемдерді қате қҧруға әкеп
соқтырады. БЦП–да, сӛйлеудің әуендік-екпіндік жағы бҧзылады:
дауыс әлсіз, ақырын шығады, екпіні айқын емес т.б.
Тілдік дамудың бҧзылуы, БЦП бар баланың отбасындағы
дҧрыс тәрбие жағдайларының болмауымен байланысты болуы
мҥмкін. Мҧнда, ең маңыздысы, сӛйлеудің коммуникативті
жағының дамуы болып табылады, яғни қарым-қатынас жасаудың
қалыптасуы. Сӛйлеу, тек қарым-қатынас барысында ғана,
коммуникация қажеттілігіне байланысты дамитыны белгілі.
Кейде БЦП бар балалар, ӛз қҧрбыларымен, ересек адамдармен
тілдік қарым-қатынас жасау мҥмкіндігінен айрылады. Ата-
----------------------------
1
Основы специальной психологии / Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.:
«Академия», 2002. — С.468.
247
аналардың ӛздері, олардың қарым-қатынас ортасын шектейді,
мҧндағы ата-аналардың кӛздейтіні – баланы психикалық соққы
алу қаупінен аластату. Ата-аналар тарапынан жасалатын
гиперқамқорлық жағдайлары, еріс ықпал жасайды, олар баланың
жағдайын жеңілдетуге тырысып, оның барлық тілектері мен
сҧраныстарын тез арада орындап отырады. Мҧндай жағдайда,
тіпті, ӛзге балалармен қарым-қатынас жасау, сӛйлесу қажеттілігі
пайда болмайды. Сӛйтіп, БЦП-да сӛйлеудің барлық жағы
бҧзылады, әрине, ол ӛз кезегінде баланың тҧтас психикалық
дамуына кері әсер ететіні белгілі. Сондықтан, коррекциялық-
логопедиялық жҧмыстар неғҧрлым ертерек басталса, соғҧрлым
нәтижеге тез жетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |