Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


  Тіл мҥкістігі бар балалардың сӛйлеуі



Pdf көрінісі
бет159/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

13.5.  Тіл мҥкістігі бар балалардың сӛйлеуі 
 
Ауыр тіл мҥкістігі бар балалардың сӛйлеуді бақылау кезінде, 
олардың  сӛйлеуін  ҧйымдастырудағы  қиындықтары,  ӛзге 
адамдармен қарым-қатынасына теріс әсер ететіні анықталған. Бҧл 
категориядағы 
балалардың 
тілдік 
және 
коммуникативті 
дағдыларының 
ӛзара 
байланысы, 
яғни 
сӛздік 
қордың 
жҧпынылығы  мен  сараланбауы,  етістік  сӛздігінің  аздығы, 
байланысты  сӛйлеудің  ерекшеліктері  т.б.  толыққанды  тілдік 
қарым-қатынасқа  кедергі  жасайды.  Содан  сӛйлесу  қажеттілігі 
тӛмендейді,  коммуникация  формалары  қалыптаспайды  (диалог 
және  монолог),  мінез-қҧлық  ерекшеліктері  пайда  болады:  тілдік 
байланысқа  қызықпау,  негативизм,  сӛйлесу  ситуациясында, 
бағдар жасай алмау. 
Ауыр  сӛйлеу  патологиясы  бар,  мектеп  алды  жасындағы 
балалардың  сӛйлесу  дағдысын  зерттеу  жҧмыстары,  олардың 
тілдік  қатынасында,  қалыпты  дамудағы  2-4  жасқа  тән  және 
ситуациялық-іскерлік форма басым болатынын кӛрсетеді.  
Балалардың  бірқатарына,  сӛйлесудің  ситуациялық  емес, 
танымдық формасы басым. Олар ересек адамдардың, педагогтың 
ҧсынысын  қуана  қабылдайды.  Мысалы,  кітап  оқу:  қарапайым 
мәтіндерді  зейін  қойып  тыңдайды,  бірақ,  оқылып  болғаннан 


 
244 
кейін,  әңгіме-сҧхбат  ҧйымдастыру  ӛте  қиын  балалар  оқылған 
кітап  бойынша,  мҥлдем  сҧрақ  қоймайды,  тіпті  ӛздері  мазмҧндап 
бере алмайды, себебі, монологтық сӛйлеу тҥрінің репродуктивтік 
жағы  қалыптаспаған.  Ересек  адаммен  сӛйлесуге  қызығушылық 
болған  кҥнде,  әңгіме  ҥдерісінде  бала  бірден  бірге  кӛше  береді, 
оның  танымдық  қызығушылығы  аз  уақытқа  ғана  жетеді, 
әңгімелесу 5-7 минуттан артық созылмайды.  
Осылайша,  ауыр  тілдік  патологиясы  бар  балалардың  тілдік 
және когнитивті бҧзылуы олардың қоршаған ортамен толыққанды 
коммуникативті  байланыстарының  орнығуына,  ересектермен  тіл 
табысуға кедергі жасайды, қҧрбыларынан, ҧжымнан бӛлектенуге 
мәжбҥр  етеді.  Осыған  орай,  бҧл  балаларды  социум  талаптарына 
сәйкес  қолайлы,  тиімді  бейімдеу  мақсатында,  тілдік,  танымдық 
және  коммуникативті  әрекеттері  компоненттерін  дамыту  мен 
тҥзетуге бағытталған, арнайы жҧмыстар жҥргізілуі қажет.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет