Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Бақылау және адам ресурстарын пайдалану



Pdf көрінісі
бет28/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   177
7. Бақылау және адам ресурстарын пайдалану 
стратегиялары
Стратегиялық бақылау. 
Критерийлер, көрсеткіштер.
Бақылау басқарудың функциясы екені белгілі. Сондықтан ол 
стратегияның да функциясы болып табылады. Оның (бақылаудың) 
өзі стандарт орнату, қол жеткізген нәтижелерді өлшеу және 
толықтыру әсерін қамтиды.
Стратегиялық бақылау – ол стратегиялық жоспарлар мен 
бағдарламалардың орындалуы туралы ақпарат жинақтау мен өңдеу, 
параметрлерді салыстыру, ауытқуларды анықтау үдерістерімен 
айналысады.
Стратегиялық бақылау тиімді болу үшін мынадай 
сипаттамаларға ие болуы керек: дәл өз кезінде өткізілуі, нәтижеге 
бағдарлануы, оңайлығы, үнемділігі, ұйымның миссиясына 
сәйкестігі. Стратегиялық бақылаудың қазіргі даму үрдісі мынадай: 
бақылау функцияларының қайта бөлінуі; бақылаудың ақпаратпен 
қамтамасыз етуінің жақсаруы; бақылаудың мазмұнының өзгеруі. 
Стартегиялық бақылау – бақылаудың ерекше түрі. Стратегиялық 
бақылаудың ағымдағы бақылаудан айырмашылығы - стратегиялық 
нәтижелер стратегиялық мүдделерге сәйкес болуында. Бақылау 
жүйесін көптеген құбылыстарды сараптауға пайдаланады 
(акциялар бағасы, инвестицияларды қайтару, трансферттік бағалар, 
жеке жетістіктер, бюджеттік стандарттар, нәтижелердің мөлшері, 
әлеуметтік жауапкершілік). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет