Стратегияны жүзеге
асыру және менеджмент
Стратегияны жүзеге асыру және менеджмент ең алдымен ұйымды
бағалау және таңдау мәселелерін қамтиды. Онда стратегияның
нұсқаларын анықтау ерекше орын алады. Стратегиялық нұсқалардың
негізі: өнім категориясы және рыноктің категориясы, өнімдердің
сипаттамасы, өнімдік және нарықтық портфельдер.
4-сурет. Стратегияны жүзеге асыру үдерісі
44
Бағалайтын белгілерді қолдану:
•
таңдап алған стратегия сәйкес пе?
•
таңдап алған стратегиясы технико-экономикалық жағынан
негізделген бе?
•
стратегия қолдау тапқан ба?
•
таңдап алған стратегия бәсекелестік артықшылықтарға қол
жеткізе ме?
Стратегияны жүзеге асыру – ол желілі, тиімді стратегиялық
үдеріс. Оның үлгісі жоғарыдағы 4-суретте көрсетілген.
5-сурет. Стратегиялық жоспарлауды іске асыру үлгісі
Стратегияны орындау менеджментіне мыналар кіреді:
•
өзгерістердің қажеттілігі;
•
инерция өзгерістер үшін кедергі;
•
К. Левиннің үш сатылы өзгерістер үлгісі («еріту», жаңа
деңгейге жылжу, «қатып қалу»).
|