Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет25/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   177
Әртараптандыру стратегиясы
Әртараптандыру латын тілінен аударғанда – өзгеріс, әртүрлі деген 
ұғымды білдіреді, яғни шаруашылық қызметті жаңа аяларға тарату 
(шығаратын өнімдердің ассортиментін, өнім қызметтерінің түрлерін, 
қызметтің жаграпиялық аясын және т.с.с.). Әртараптандыруды 
кәсіпорындардың тікелей өндірістік байланысы жоқ салаға енуі 
немесе олардың негізгі қызметтерінен функционалды тәуелді 
деп түсінуге болады. Әртараптандыру нәтижесінде кәсіпорындар 
көпсалалы күрделі кешенге немесе конгломератқа айналады. 
Әртараптандыруды бағалау үшін үш түрлі белгілер бар.
1. Тартымдылық белгісі. Әртараптандыруға таңдап алған 
сала салынған қаражаттан жақсы табыс алу жағынан кәдімгідей 
тартымды болуы керек. 
2. «Кіру шығындарының» белгілері. Жаңа салаға ену кезінде 
шығындар көлемі жоғары болса, таза табыс алу үшін төленетін ақы 
жоғары болса, онда кәсіпорынның акцияларының табыстылығы 
төмендейді.
3. Қосымша ұтымдылық белгісі. Бұрын соңды болмаған 
бәсекелстік артықшылық жасау мүмкіндіктерін туғызады. 


42
Әртараптандыруды өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін, 
оны жүзеге асырудың түрлі мүмкіндіктерді таңдалады. Әдетте 
әртараптандырудың алты стратегиясы қарастырылады:
1. жаңа салаға кіру стратегиясы – біріккен кәсіпорын;
2. жақын салалардағы әртараптандыру стратегиясы;
3. жақын емес саладағы әртараптандыру стратегиясы;
4. қысқарту және тарату стратегиясы;
5. құрылымды қайта қарау, қайта қалпына келтіру;
6. көп тиімді әртараптандыру стратегиясы.
Алғашқы үш стратегия әртараптандырудың әдістеріне жатады, 
ал соңғы үшеуі әртараптандырылған компанияларын күшейту 
стратегиялары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет