Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет47/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   177
9. Корпоративтік стратегия
Әртараптандырылған компанияның
корпоративтік стратегиясы 
Әртараптандырылған компанияның стратегиясы мынандай 


56
мәселелерге бағытталады:

әртараптандыру үшін таңдап алынған компанияларды ары 
қарай жылжыту қызметіне;

әртараптандыруға қол жеткізген жағдайда іскерлік портфелі 
бар белсенді компаниялардың ұзақ мерзімді жұмыстарын жақсарту 
шараларына;

шаруашылық портфелі бар компанияларға байланысты кез-
келген стратегиялық артықшылықтарды пайдалануға және оларды 
бәсекелестік артықшылықтарға ауыстыруға ұмтылуға;

кәсіпорынның әр бөлімдерінің болашақтағы табыстылығын 
бағалау және корпоративтік ресурстарды өсу үшін тартымды 
стратегиялық мүмкіндіктері бар ұйымдарға бейімдеуге.
Компания әрі қарай дамуы үшін өзінің барлық мүмкіндіктерін 
тауыспайынша, әртараптандыруды стратегиялық басымдылық деп 
қарастырмау керек. Корпоративтік стратегияны әзірлеу үдерісіндегі 
басты қағидалар мынадай: нәтижелер алу қажеттілігі; әртүрлі 
ішкі және сыртқы оқиғаларды зерттеу; болжамдау; жүргізілген 
тәжірибелер; молырақ мәлімет жинау; бар тауқыметтерді түсіну; 
күтпеген дағдарыстық жағдайларға көңіл аудару үшін арнайы жүйе 
әзірлеу. 
Егер кейбір қойылған мақсаттарға қол жеткізе алмайтын қауіп 
болса, онда кооперативтік стратегияны әзірлеушілер пайда болған 
алшақтықтарды жою үшін басқа шаралар қолданулары мүмкін. 
Олар мынадай:

кейбір (немесе бәрінің) бизнес-бірліктерінің стратегиялық 
жоспарларын өзгерту;

іскерлік белсенділік портфеліне жаңа шарушылық 
бөлімдерді қосу.

әлсіз немесе залал келтіретін бизнес-бірліктерден бас тарту;

төмен нәтижелі қызметтердің жағдайын өзгерту үшін 
одақтастық құру;

корпорациялық мақсаттарды қайта қарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет