88
Бизнес субъектілерінің сәтсіздікке ұшырауы кәсіпкерлердің
дайындығы төмен болуымен айқындалады. Кәсіпорын басшылары
жұмысты бірлесіп атқарса, онда тиімділік артады. Себебі бірлескен
шешім қабылдаудың маңызы өте зор.
Бір мезетте пайда болып,
содан кейін жоқ болатын қоғамдық қажеттіліктерді тұрақты түрде
іздестіру және оған бейімделу бизнес стратегиясының негізін
құрайды.
Бизнес – бұл адамдарды, яғни тұтынушыларды өз қаржысын
сізге беруге ынталандыратын өнер.
Бұл өнер коммерция заңдарына,
кәсіпкерлердің үлкен еңбегі мен тәжірибесіне негізделеді.
Кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың және бүкіл қоғамның дамуына
ықпал етеді.
Сонымен, нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік –
шаруашылық қызметінің маңызды түрі.
Оның рөлін Адам Смит
былай деп бағалаған болатын: «Кәсіпкер өз мүддесін өзі үшін
ұтымдылық жағдайды көздейді, дей тұрағанмен, ол мүддесіне де
қызмет етеді». Қазіргі экономика кәсіпкерлікті шараушылықты
ұйымдастырудың түрі ретінде анықтайды.
Кәсіпкерлердің
экономиканы өрлетуге қосар үлесі өте зор.
Кәсіпкерлердің өздеріне ғана тән ерекше этикасы және
дүниетанымы бар. Бұл жағдайға қарап, біз кәсіпкерліктің ерекше
бір философиясы бар екенін айтуымызға болады.
Кәсіпкерлік
философиясы өндіріс пен қоғамның дамуының әсерінен өзгеріп
тұрады. Ал кәсіпкерлік философиясының негізі тұрақты болып
келеді. Себебі қоғамдық өмір мен адамдардың қатынастары өзгеріп
тұрады, ал нарықтық орта мен заңдар өзгеріссіз.
Кәсіпкер әрқашанда анықталмаған жағдайда қызмет жасайды. Әр
нәрсе, әр тенденция мәңгі болмайтындықтан нарық субъектілерінң
мінез-құлқы әрқашанда өзгермелі. Егер кәсіпкер экономикалық,
саяси,
технологиялық, әлеуметтік ортаға бейімделе алмаса, онда
оның орнын басқа кәсіпкер басады. Кәсіпкер әрқашанда күтпеген
жағдайларға дайын болуы керек, оларды болжай алуы қажет.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты
әлеуметтік проблема – халықтың
өмірін жақсарту проблемасын
шешуге бағытталған. Ол үшін экономиканы «тұтынушыға қызмет
ету» режиміне ауыстыру қажет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп
отырғандай, бұл мақсатқа экономикалық қатынастардың кәсіпкерлік
типі сәйкес келеді. Оның негізгі белгілері: батыл бастама толық
89
еркіндік пен жауапкершілік, нарық
конъюнктурасын бақылау мен
қажеттілікті іздеу, бәсекелік күрес тактикасы мен инвестициялау
мәселелерін талдау.
Достарыңызбен бөлісу: