Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет103/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   177
Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны
«Кәсіпкер» терминін XVIII ғасырдың басында өмір сүрген 
француз экономисі Ришар Кантиллон енгізген болатын. Кантиллон 
кәсіпкерлікті жүйелі сипаттаған алғашқы бизнес теоретигі. Ол 
кәсіпкерлікті ерекше түрдегі қызмет ретінде ұғып, кәсіпкерлік 
қызметте әрдайым ұшырасатын тәуекелдік элементін айтып кетті.
Кәсіпкер сөзі жаңа кәсіпорынды ұйымдастырумен немесе жаңа 
идеяны, жаңа өнімді немесе қоғамға ұсынатын жаңа қызметті 
әзірлеумен байланысты тәуекелге бас тіккен адамды білдіреді.
Кәсіпкерлік өндірістегі жаңа қисындастыруларды, яғни 
комбинациялары, жаңа нарықтағы әрекетті, жаңа өнімдерді жасауды 
және т.б. жүзеге асыруды білдіреді.
«Кәсіпкер» және «менеджер» ұғымдары синоним болып 
табылмайтынын түсіну аса маңызды. Америкалық индустрияның 
негізін XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы батыл, 
саусақпен санарлық кәсіпкерлер қалады. Олардың аттары: Джон 
Д. Рокфеллер (мұнай), Дж. П. Морган (болат және банк ісі), 
Эндрю Меллон (алюминий), Эндрю Карнеги (болат), Генри Форд 
(автокөлік).
Әр жыл сайын жаңа бизнесті қолға алатын жүз мыңдаған 
адамдар да кәсіпкер саналады. Бұл адамдар экономикада шешуші 
рөлді ойнайды. Кәсіпкерлік сипатына ие шағын бизнес АҚШ 
экономикасында маңызды орын алады.
Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлерді былайғы жұрт «өзгерістердің 
бекзадалары» деп атауы әдетке айналған.


171
Кәсіпорындардың 
немесе 
ұйымдардың 
мақсаттарын 
қалыптастыруға белсенді қатысып, осы ұйымдар қызметінің 
бастапқы кезінде өздері бас-көз болатын барлық кәсіпкерлерді 
менеджер, деп атауға болады. Олардың кейбіреуі кәсіпорынды 
дамытудағы өзінің қызметінің тек бастапқы кезінде ғана емес, 
сондай-ақ ұзақ жылдар бойы кәсіпорын жұмысын ілгері бастырып, 
қызметін жалғастыра береді.
Кейбір кәсіпкерлердің жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және 
бақылау сияқты басқару қызметін тиімді орындауға қабілет-бейімі 
бола бермейді. Егер аса көрнекті кәсіпкердің менеджерлік қабілеті 
төмен болып жатса, оған таң қалудың қажеті жоқ.
Белгілі болғандай, менеджменттің бірыңғай тұжырымдамасы 
жоқ. Тіпті, менеджердің еңбегіне қатысты көзқарастарда да 
бірауыздылық жоқ.
Бұл өзіңнің жеке ісің болса да, немесе компаниядағы қалыптасқан 
құрылымда істесең де кәсіпкер болу оңай емес. Ұйымдар да, қоғам 
да қаншалықты пайдалы болатынына қарамастан қандай да бір 
өзгерістерге қарсыласып бағады. Сондықтан да кәсіпкерліктің 
философиясы танымға және мәселелерді жете ұғынуға бағытталған.
Мысалы, АҚШ-та шағын және ұсақ кәсіпкерліктің үлесіне 
жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) 40%-ы және шамамен 40% жұмысшы 
күшінің жиынтығы тиеді екен.
Кәсіпкерлік бастама алдын ала болжанған нәтиженің логикалық 
салдары болып табылады. Кәсіпкерлік бастамасыз ұтқыр идея 
мен «ең жоғары технология» автоматты тұрғыдан экономикалық 
жетістікке жеткізбейді. Маркус Валленберг (Швецияның банкирі, 
фабриканты және менеджері) «кәсіпкерлік – жаңа техниканың 
пайдаланылуына қойылатын негізгі талап» деген ойды айтыпты.
Дамушы елдердегі ең үлкен қиындықты табиғи ресурстардың 
жеткіліксіздігі 
немесе 
техникалық-технологиялық 
ноу-хау 
деңгейінің төмендігі емес (бұлар сөзсіз шешуші рөл ойнайды), 
капиталдың жетіспеушілігі тудырып отыр. Бастапқы кезеңде 
кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізетін дәстүр мен саяси жүйенің 
жағдай тудыратын қолайлы атмосферасының болмауы да бұл істің 
бірден өркен жайып кетуіне кедергі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет