165
жүзеге асырылады:
- жеке сұрау салу (сауалнама);
- анықтамаларды жасау (әр қилы пікірлер турасында);
- жүйе бойынша пікірлердің бар болуы туралы сарапшылардың
ақпараты.
Сараптық нұсқаларды түзету процедурасы пікірдің бірауызды
болуына қол жеткізетін мақсаттар іріктеліп болғанша бірнеше рет
жүзеге асырылады.
Операциялық ойын. Сарапшылар белгілі бір сценарий бойынша
мақсаттарды қалыптастыратын нақты тұлғаның қызметін ұқсатады.
Жалпы пікірталастыру мәжілісінде мақсаттың ең қолайлы нұсқасы
таңдап алынады.
«Мақсаттар ағашы» әдісі. Мақсаттарды рет-тәртіпке келтіріп
ұсыну «мақсаттар ағашы» атауына ие болған әдіспен жүзеге
асырылады.
«Мақсаттар ағашы» – бұл мақсаттардың арасындағы
байланыстардың және бірқатар эвристикалық процедураларды
қолданумен дедуктивті логика қағидасы бойынша құрылған
мақсаттардың байланысына қол жеткізетін құралдардың графикалық
бейнесі.
Бұл әдіс болашақтағы оқиғалардың өзара байланысын нақты
әдістердің тізбесін алуға дейін толық көрінісін көрсетуге әрі
олардың салыстырмалы маңызы туралы ақпаратты алуға мүмкіндік
береді. Ол мақсаттардың құрылымы мен ұйымдық құрылым
арасына сәйкестік тудыру арқылы тікелей орындаушыларға дейін
мақсаттарды жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.
«Мақсаттар ағашы» иерархия түрінде берілген бірнеше
деңгейдегі мақсаттардан тұрады: басты мақсат – I деңгейдің (басты
мақсаттың) қосалқы мақсаты – II деңгейдің қосалқы мақсаты және
т.б.
Достарыңызбен бөлісу: