Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет95/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   177
Басқару ғылымы 
әдістерінің жиынтығы 
Кез келген ғылым секілді басқару ғылымының өз мазмұны
теориясы және әдістемесі болады.
Әдістеменің міндеті – осы саладағы білімнің өмір құбылыстарын 
(қолданысын, көрінісін) зерделеу мен қорытындылаудың әр түрлі 
құралдары мен тәсілдерінің жүйесін жасау болып табылады.
Басқару теориясы мен іс-тәжірибесінде көптеген әдістемелер 
қолданылады, оған жататындар:

Диалектикалық әдістеме. Басқару ісінде барлық 
диалектикалық заңдар мен категориялардың өз орындары бар.

Нақты-тарихи тәсілдеме – өндірісті басқару мәселелерін 
ғылыми тұрғыдан әзірлеуге қойылатын міндетті талап.

Кешенді тәсілдеме – басқару бойынша ұсыныстарды тиімді 
зерделеу және әзірлеу шарттарының бірі.

Аспектілік тәсілдеме – басқару қатынастарының бір қырын, 
бір ерекшелігін зерттеу. (Аспектілер: саяси - экономикалық
әлеуметтік, философиялық және т.б.).

Жүйелі тәсілдеме – ол басқарушы жүйені және басқарылушы 
жүйені өзара байланыстыруға мүмкіндік береді. Жүйелі тәсілдемені 
жүзеге асырудың шарты – жүйелі талдаудың әдістемесі болып 
табылады. Жүйелі талдау басқарудың ұйымдастырушылық 
құрылымын жобалаудың әдістемелік негізінің бірі ретінде қызмет 
етеді.

Үлгілеу – басқару ғылымының тиімді әдістемесі. Ол 
басқарылатын объектіні немесе субъектіні басқарудың үлгілерін 
жасауға негізделген. Ал, үлгілер өз кезегінде объектілердің немесе 
субъектілердің ерекшеліктерін танып - білуді жеңілдетеді.

Тәжірибе жүргізу әдістемелері, әлеуметтік әдістемелер
мотивация әдістемелері және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет