106
өндірістік құрылымдардың қалыптасуына жағдай жасау, соның
ішінде бар өндірісті уақтандыру және диверсификациялау;
•
кәсіпкерлік пен бәсекелестікке ұйымдық-экономикалық
жағдайлар жасау, тауар өндірушілерді құқықтық кепілмен
қамтамасыз ету, шаруашылық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету;
•
нарық инфрақұрылымының қалыптасуын тездету;
•
шағын және орта кәсіпорындардың дамуы.
Басқару ортасында серіктес таңдау және бәсекелестіктің дамуы
үшін жеткілікті өндірушілер мен тұтынушылары бар көлденең
нарықтық құрылымдардың дамуын қолдау қажет.
Нарықтық қатынастарға өтудің бұл бағыты бойынша нарықтық
жағдайларда тиімді қызмет ете алатын қаржы-несие жүйесінің
дербестігін қамтамсыз ету шаралары қарастырылады. Экономиканы
мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары – қаржы-несие тұтқалары.
Республиканың бюджет жүйесінің қалыптасуының негізгі
қағидалары – өңдеу, бекіту және жүзеге асыру процесіндегі төменгі
бюджеттердің жоғарыда тұрған бюджеттерден толық тәуелсіздігі.
Республикалық бюджет қаражатынан жалпы мемлекеттік
шығындар, оның ішінде, түбегейлі зерттеулер шығындары, ғылыми-
техникалық және арнайы бағдарламалар қаржыландырылады.
Салық, несие саясаттары өз бетінше жүргізіледі, органдар жүйесі
және банк бөлімшілерінің құрылымы өзгертіледі. Банк ісінде несие
беру объектілерін, баға белгілеу және несие мерзімдерін өздігінше
таңдауға мүмкіндік беретін арнайы банктерді акционерлеу және
коммерцияландыру процестері болып жатады.
Нарықтық экономика жағдайында динамикалық пайыздық саясат
енгізіледі. Қатаң орталықтындырылған жоспарлы экономикаға тән
(несие және кассалық жоспарлау арқылы), ақша айналымын басқару
әдістерінен бас тартады.
Достарыңызбен бөлісу: