Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет76/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   177
Қазақстанның тұрақты 
даму стратегиясы
Тұжырымдамада біртұтас мақсат ретінде елдің дамуының 
экономикалық, әлеуметтік, экологиялық үш векторы қарастырылған. 
Тұжырымдаманың мақсаты ұзақ мерзімді болашақта экономикалық, 


113
әлеуметтік, экололгиялық және саясаттық даму аспектілерін өмірдің 
сапасын көтеру және елдің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету.
Тұжырымдамада белгіленген даму мақсаттарының параметрлері 
жалпы елді, салаларды, аймақтарды дамыту үшін индикативтік 
жоспарлаудың негізі болу керек. Елдің тұрақты дамуға өту үшін 
қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді қажет етеді. 
Бұл құжатта тәжірибеде алғашқы рет санатты белгілер
тапсырмалар анықталған: әлеуметтік, экономикалық, экологиялық 
дамудың мүдделі мақсаттары. 
Бұрын соңды болмаған тәсіл ұсынылған. Не өндірілседе 
барлығын энергетикалық параметрлерге ауыстыру және бірінші рет 
жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) есептеу үшін ақша өлшемінен бас тарту.
Тұрақты дамуға көшу кезеңдері. Қазақстан Республикасы 
үшін тұрақты дамуға көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Ол 
үлкен тұрақты дамудың әр кезеңіне арналған белгіленген өлшемде 
анықталған. Мысалы, Қазақстанның тұрақты дамуға көшуін 
белгіленген өлшемдерге бағалау (2005-2024ж.ж.) халық саны (млн.
адам) 15.05-18.18. өмір сүрудің орташа ұзақтығы (жыл) 65.91-73.14; 
қуатты өндіру (ағымдағы жылы) гвт 29.40-248.24; ресурстарды 
пайдалану тиімділігі (РПТ) 0.31-0.53; қоршаған табиғи ортаны 
сапасы 0.91-0.95.
Бұл келтірілген көрсеткіштер нақтылы стратегиялық 
болашақты анық сипаттайды және оларды орындауда стратегиялық 
менеджменттің рөлін асыра түседі.
Аталмыш үдерістерді іске асыру мерзімі мынадай кезеңдерден 
тұрады:

Дайындық кезеңі (2007-2009 жылдар) – тұрақты даму 
қағидаттарын қоғамдық және саяси қызметтің барлық салаларына 
енгізу, экономиканы әртарптандыру, технологиялық алға өсуді 
жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

Бірінші кезең (2010-2012 жылдар) – Қазақстан 
Республикасының әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің 
қатарына кіруін қамтамасыз ету.

Екінші кезең (2013-2018 жылдар) - өмір сүру сапасы деңгейі 
бойынша әлемдік дамудағы көшбасшылар арасындағы еліміздің 
жағдайын нығайту, табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану 
салдарынан болатын шығындарды айтарлықтай қысқарту, елдің 
экологиялық тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.


114

Үшінші кезең (2019-2024 жылдар) – тұрақты дамудың 
қабылданған халықаралық өлшемдеріне қол жеткізу.
Тұжырымдамада 
көзделген 
стратегиялық 
бағыттарды 
жүзеге асыру үшін мынандай қағидаттарды, басымдылықтарды, 
мақсаттарды басшылыққа алу қажет.
Қағидаттар: бүкіл қоғамды тұрақты дамуға қол жеткізу процесіне
тарту; тұрақты даму үшін саяси негіз жасау; мекемеаралық 
ықпалдасу, мемлекетті басқаруға деген жүйелі көзқарас, дамудың 
негізгі көрсеткіштерін болжамдау, жоспарлау және реттеу 
тиімділігін арттыру; ел экономикасына жоғары технологияларды 
белсенді енгізу нәтижесінде экономикалық прогреске қол жеткізу; 
ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру; ғылым мен білім 
берудің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету және т.б.
Басымдылықтар:

өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін енгізу;

жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану;

тұрақты көлік жүйелерін дамыту;

энергетикалық тиімділік және энергия жинақтау;

тұрақты дамудың өңірлік проблемалары;

халықтың әлеуметтік қауіпсіздігінің деңгейін арттыру және 
көптеген басқа басымдылықтар.
Мақсат: өмір сүру сапасын арттырудың және елдің ұзақ мерзімді 
келешекте бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің Қазақстан 
Республикасының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық 
даму аспектілерінің теңгеріміне қол жеткізу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет