Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Рационалды тамақтанудың негізгі қағидалары



бет124/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz

Рационалды тамақтанудың негізгі қағидалары:

  • Тамақтану мөлшері жағынан адекватты, яғни, рационның энергетикалық құндылығы ағзаның энергия шығынын толық өтеп отыруы қажет.

  • Тамақтану сапасы жағынан құнды, яғни құрамында барлық ағзаға қажетті тамақтық (қоректік) заттар: белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттар, бәрінен бұрын, алмастырылмайтын құрам бөліктері қолайлы мөлшерде болуы тиіс.

  • Тамақтану балансталған болуы қажет, яғни құрамы, тамақтық заттардың химиялық құрам бөліктерінің мөлшері мен арақатынастары, олардың пайдаға асуын қамтамасыз ететін ағзаның ферменттік жүйелері үшін қолайлы болуы қажет. Тамақтанудың балансталғандық қағидасы - рационалды тамақтанудың негізгі қағидасы болып табылады, ол тек негізгі тамақтық заттардың - белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттардың және дәрумендердің арасындағы балансталғандықты ғана емес, сонымен қатар белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттар мен дәрумендердің өздерінің құрамына кіретін заттардың да балансталғандығы туралы түсінік береді.

  • Тағамның әр түрлі болуы, яғни, құрамында жануар текті және өсімдік текті азықтар және жеткілікті мөлшерде тағамдық талшықтар да болуы тиіс.

  • Тағам залалсыз, яғни тағамда жұқпалы немесе паразиттік аурулардың қоздырғыштары болмауы, ал микробтық және микробтық емес токсиндердің концентрациясы гигиеналық регламенттерден аспайтын болуы тиіс.

  • Жақсы органолептикалық көрсеткіштері қамтамасыз етілуі, тәбет тартатын, аз көлемде тоқтық сезімін беретін, жақсы қорытылатын және жеңіл сіңетін болуы керек.

  • Режиммен тамақтану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   304




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет