9.4. Сапа жөніндегі басшылық
Сапа жүйесін енгізу сапа жөніндегі басшылықты енгізуден басталады.
Сапа жөніндегі басшылықтың негізгі тағайындалуы сапа жүйесін және оны құраушы жүйелерін жалпы сипаттау (сапаны жоспарлау, сапаны басқару, сапаны қамтамасыз ету және сапаны жақсарту) болып табылады.
Сапа жөніндегі басшылық – бұл негізгі мазмұны мекеме туралы мәлімдеме беретін басты концептуалдық құжат, оның визит карточкасы болып табылады. Сапа жөніндегі басшылық сапа жүйесін енгізу кезінде, оны жұмыс және жетілдірілген күйінде ұстау кезінде тұрақты түсініктеме материал функциясын атқарады. Ірі кәсіпорындарда сапа жөніндегі басшылықтың иерархиясы болуы мүмкін:
– сапа бойынша жалпы басшылық;
– әртүрлі өндіріске арналған сапа бойынша басшылық (өнім түрлері бойынша);
– әртүрлі бөлімшелерге арналған сапа бойынша басшылық;
– өндірістің және онымен байланысты жобалау, материалды-техникалық жабдықтау функцияларының әртүрлі сатыларына арналған сапа бойынша басшылық.
ИСО 9001 стандартына сәйкес, сапа жүйесі келесі элементтерден тұрады. Олардың әрқайсысы Сапа жөніндегі басшылықтың сәйкес бөлімінде сипатталады:
1. БАСШЫЛЫҚТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
2. РЕСУРСТАР МЕНЕДЖМЕНТ
3. ӨМІРЛІК ЦИКЛ ПРОЦЕСТЕРІ
4. ӨЛШЕМДЕР, АНАЛИЗ, ЖАҚСАРТУЛАР
2000 жылғы нұсқасында 1994 жылғы нұсқада бар 20 пункт алынып тасталған. Бірақ олар қосымша 4 ұсынылған бағыттарға кіреді. 20 пункт туралы нақты мәліметті процестік әрекеттің үздіксіздігін көрсету үшін алып тасталды. Бірақ сапа жөніндегі басшылықты құрудың ыңғайлылығы үшін (әсіресе, бұл, автордың пікірі бойынша, бірінші рет жасалып жатса) бұл пункттерді басшылықтың көмекші моменттері ретінде енгізген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |