3. ӨМІРЛІК ЦИКЛ ПРОЦЕСТЕРІ 3.1. Жобалау және дайындау Бұл бөлім өндірілетін өнім немесе көрсетілетін қызметтің жаңа түрлерін жобалау кезінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың сапасын қамтамасыз етуге арналған.
Ол бірнеше бөлімшелерден тұрады:
Жалпы жағдайлары.Мекеме өнімнің берілген сипаттамасын қамтамасыз ету мақсатымен жобалауды басқару және бақылау жөніндегі процедураларды дайындау және жұмыс күйінде ұстап тұруы тиіс.
Жобалау мен дайындау процестерін жоспарлау. Мекемеде жобалау мен дайындау кезінде жүргізілетін операцияларға жауапкершілігі анықталатын жоспарлар жасалады. Жоспарлар жобалау процесі қалай орындалатынын анықтауы қажет, сондай-ақ персоналдың барлық деңгейлерге қатысуын және жобалау тобының басқа қызметкерлермен өзара қарым-қатынасын бекітуі қажет.