Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет183/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

10.2- кесте.Өнімді сертификаттау сұлбалары

Сұл-
ба №



Қолдану ерекшеліктері



Сәйкестікті растау әдістері

Өндірісті тексеру

Сертификат мерзімі
(көп емес)



Инспекциялық тексеру

1

2

3

4

5

6

1

Импортталған, шақтаулы, алдынала келісілген көлемдегі сериялық тауарларды таратуда қолданылады

Типті сынау

Жүргізілмейді

6 ай

Жүргізілмейді

2

Ұзақ мерзімді келісім-шартпен келетін немесе жеке келісім-шартпен таратылуы тұрақты, импортталған сериялық бұйымдардың сәйкестігін растауда қолданылады

Типті сынау

Өндіріс күйін талдау

12 ай

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау.
Өндіріс күйін талдау

3

Өндіріс тұрақтылығы күмән туғызбайтын сериялық өнімдердің сәйкестігін растауда қолданылады

Типті сынау

Өндіріс күйін талдау

12 ай

Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау.
Өндіріс күйін талдау

4

Өнім сипаттамаларының тұрақтылығын жан-жақты және қатаң тексеру қажет болатын жағдайда қолданылады

Типті сынау

Өндіріс күйін талдау

18 ай

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау.
Өндіріс күйін талдау

5

Сериялы өнімдерді сәйкестікке бағалауда қолданылады

Типті сынау

Өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау

36 ай.

Сатушыдан алынған үлгілерді сынау*. Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау.
Өнідірісті (сапа жүйесін) бақылау**

6

Өнімді сериялық шығаруда жабдықтаушы бұйымдардың сәйкестігін бағалауда қолданылады

Типті сынау

Сапа жүйесін сертификаттау

36 ай

Сапа жүйесін бақылау **

7

Өнім партиясының сәйкестігін растауда қолданылады.

Партияны сынау

Жүргізілмейді

Партияны іске асыру мерзімі

Жүргізілмейді

8

Жеке өнім сәйкестігін растауда қолданылады

Әрбір бұйымды сынау

Әрбір бұйымды

Орнатылмайды

Орнатылмайды

9

Келесі жағдайларда импортталған өнімдердің сәйкестігін растауда қолданылады:
-Кіші және орта бизнес және жеке кәсіпкерлер үшін;
- Өнімді өз қажеттері мен өндіріс үшін сырттан әкелгенде;
- Аймақта сынақ зертханалары болмаған жағдайда өнімді басқа кәсіпорындар таратуда.

Қосымша құжаттармен сәйкестік туралы декларацияны қарастыру

Жүргізілмейді

Өнімнің жарамды
лық мерзімі, бірақ 12 айдан артық емес

Жүргізілмейді

10

Ұзақ уақыт кішкене көлемде немесе тұрақты емес шығарылғанда отандық өнім өндірушілердің өнімдерінің сәйкестігін растауда

Қосымша құжаттармен сәйкестік туралы декларацияны қарастыру

Өндіріс күйін талдау

12 ай

Жүргізілмейді

* - сертификатталған сапа басқару жүйесін (СМК) тексеру нәтижелері бойынша сынақ көлемі мен қажеттілігін өнімнің сәйкестігін растайтын орган анықтайды;


** - сапа басқару жүйесіне (СМК) сертификат берген орган атқарады.


Импортталатын өнімді сертификаттау. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінде импортталатын өнімге қатысты келесі іс-әрекеттері бекітілген:

  • келісімге қатысушылар – ТМД елдері берген сәйкестік сертификаттарын мойындау;

  • Қазақстан Республикасы Мемстандартымен аккредиттелген шетелдің сертификаттау бойынша органдарының берген шетел сертификаттарын мойындау;

  • сертификат ұстаушысы болып келетін заңды тұлға немесе сертификат беруші сертификаттау органымен расталған, келісімге қатысушылар-ТМД елдері берген сәйкестік сертификаттар көшірмесін мойындау;

  • Қазақстан Республикасы ТР МЖ бекітілген талаптарға сәйкес өнімді сертификаттау.

Қазақстан Республикасында аталған құжаттар болмаған жағдайда, өтінім беруші ұсынған, импорттаушы елдің нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізіледі. Халықаралық, мемлекетаралық, ұлттық және аймақтық жүйелер немесе Қазақстан Республикасының саудадағы серіктес елдерінің сертификаттау органдары берген шетел сертификаттарын мойындау туралы шешімді ҚР Мемстандарты осы жүйелерге қосылу немесе сол жүйелермен сәйкес келісім жасау арқылы қабылдайды
Келісімге қол қойылғаннан кейін Мемстандарт қол қойылғанын және мойындау шарттарын сертификаттау органдарына мәлімдейді.
ҚР территориясына әкелінген өнім, кедендік мағлұмдамалау органдарында бекітілген ретпен кедендік рәсемдеуден өтеді.
Сырттан әкелінген өнімді кедендік тексеруден өткізуге қажетті құжаттардан басқа негіз болатын құжаттар:

  • Келісімге қатысушы – ТМД елі сертификаттау органының сертификаты немесе сәйкестік белгісі;

  • Қазақстан Республикасының ТР МЖ орнатылған рет бойынша аккредиттелген шетел ұйымдарының сертификаты немесе сәйкестік белгісі.

  • Сертификаттау органында тіркелген өнімнің қауіпсіздігі туралы өтінім-декларация.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет