Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Пішін және тетік беттерінің орналасуы ауытқуын нормалау жүйесі



бет52/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

2.2. Пішін және тетік беттерінің орналасуы ауытқуын нормалау жүйесі
Пішін ауытқулары және шақтамалары. Пішін және орналасу ауытқулары мен шақтамаларының негізгі түрлеріне жататын терминдер және анықтамалар ГОСТ 24642-81 (СТ СЭВ 301-76) мемлекетаралық стандартымен тағайындалған. Бет пішінінің ауытқуын шынайы бет пішінінің беттің номиналды пішінінен ауытқуы деп түсінеміз.
Пішін және беттердің орналасу ауытқуларын сандық бағалау негізінде түзулердің, беттердің және пішіндердің жанасу принципі жатыр. Жанасушы түзу – бұл шынайы пішінмен жанасқан және шынайы пішіннің ең алшақ нүктесінің ауытқуы нормаланатын телім шегінде минималды мәнге ие болатындай тетік материалынан сырт орналасқан түзу (2.1-сурет ).

Шеңбер – бұл шынайы пішіннің сыртқы айналу беттінің сыртынан сызылған минималды диаметрі бар шеңбер немесе шынайы пішіннің ішкі айналу бетінің ішімен сызылған максималды диаметрі бар шеңбер.


Жанасушы жазықтық – бұл шынайы пішінмен жанасқан және шынайы пішіннің ең алшақ нүктесінің ауытқуы нормаланатын телім шегінде минималды мәнге ие болатындай тетік материалынан сырт орналасқан жазықтық.
Жанасушы цилиндр – сыртқы шынайы беттің сыртын сызған минималды диаметрі бар цилиндр немесе шынайы ішкі беттің ішіне сызылған максималды диаметрі бар цилиндр.
Қабылданған әріптік белгілеулер: Δ – пішін ауытқуы немесе беттің орналасуының ауытқуы, Т – пішін шақтамасы немесе орналасу шақтамасы, L – нормаланатын телімнің ұзындығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет