Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет145/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

1. БАСШЫЛЫҚТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
1. 1 Басшылықтың міндеттері
Стандарт мынадай сұрақтардың нақты жауаптарын талап етеді: өнім немесе қызмет орындалу сапасы мен мерзімі бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келу кепілдігіне кім жауапты және мекемедегі сапаны басқару жүйесінің әсерлілігіне кім кепілдік береді?
Берілген бөлім бірнеше бөлімшелерден тұрады:
Сапа саласындағы саясат. Кәсіпорын басшылығы тұтынушы талаптарына сүйене отырып, сапа аумағындағы саясатты, мақсаттар мен міндеттерді анықтап, құжат түрінде рәсімдеуі қажет.
Сапа аумағындағы саясат осы саладағы идеялар мекеменің барлық қызметкерлері арқылы қабылданғанына сенімділік беруі керек. Сапа саласындағы саясат түсінікті және орындалуы ыңғайлы болуы керек.
Тәжірибелік жағынан мекеме басшылығы келесі әрекеттерді орындауы керек:
– сапа саласындағы саясатты анықтап, құжаттандыру;
– мекеменің сапа саласындағы мақсаттарын анықтап, құжаттандыру;
– әрбір қызметкердің сапаны жақсарту бойынша жұмыстарға тартылуын анықтап, құжаттандыру.
Сапа саласындағы саясат сапаны басқару бойынша бағдарламаның негізі болып табылады. Ол сапаны жақсарту мен қамтамасыз ету бойынша күнделікті жұмыстарды қарастырады. Аудиторлардың көпшілігі сапа саласындағы саясат туралы мекеме қызметкерлерінің түсінігін растауды талап етеді. Ол үшін қызметкерлермен әңгімелер жүргізіп, олардың күнделікті тапсырмаларын талдайды. Сондықтан мекеме қызметкерлеріне сапа саласындағы саясат туралы тереңірек түсіндіру және оның нақты жұмыс тапсырмаларында қолданылуын ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет