Жобаның өзгертулері. Мекеме жобаның барлық өзгерістерін анықтау, құжаттық рәсімдеу, тексеру және растау процедураларын өзі бекітеді.
3.2. Өнімді сатып алу Өнімнің сатып алынуының сапасын қамтамасыз ету қажеттілігі:
– жеткізушілердің бағасы мен таңдауын;
– сатып алынатын өнімге қойылатын техникалық талаптарын көрсетуге байланысты материалдық-техникалық жабдықтардың құжаттамасын тексеруді;
– сатып алынатын материалдар мен бұйымдардың қабылдау бақылауын қарастырады.
Мекеме жеткізуші өнімінің көрсетілген талаптарға сәйкестігіне сенімді болуы тиіс. Жеткізушілерді таңдау олардың сапа талаптарын орындай алу қабілеттілігін бағалау негізінде жүзеге асырылады. Жеткізушілерді бағалау процесінде жеткізу бойынша бұрынғы тәжірибесі ескерілуі қажет, сондықтан тұрақты жеткізушілермен қызмет атқару ыңғайлы болады.
Сатып алуға рәсімделетін құжаттамада: сатып алынатын материалдың толық сипаттамасы; технологиялық процеске қойылатын талаптар; бақылау бойынша ереже; материал мен өнімді қабылдауға қатысты басқа ақпараттар болуы тиіс.