4.5. Статистикалық әдістер Бұл бөлім мекеме өз өнімін өндіру мүмкіндігін растау және осы өнімнің талап етілетін сипаттамаларына қол жеткізу үшін статистикалық әдістерді орнату қажеттігін қарастырады. Статистикалық шешімдерге негізделген әдістер өнімнің өмірлік циклінің барлық сатыларында қолданылады. Жиі қолданылатын статистикалық әдістерге:
– гистограммалар;
– уақытша қатарлар;
– Парето диаграммасы;
– себеп-салдар диаграммалары (Исикава);
– бақылау парақтары;
– бақылау карталары;
– шашырау диаграммасы жатады.
4.6. Сәйкес емес өнімді басқару Сәйкес емес өнім деп бекітілген талаптарға жауап бермейтін өнімдерді айтады. Сәйкес емес өнім табылған жағдайда оны басқа өнімдерден бөліп алып, идентификациялау қажет.
Сәйкессіздікті басқару бойынша барлық операциялар құжат түрінде рәсімделуі тиіс. Ол:
– түзетілмейтін өнімді бағалау, алып тастау, белгілеу, қосымша өңдеу (түзету), жөндеу, жою;
– ақаулы өнім бірліктерін тіркеу және оларды мекеме ішінде хабарлау;
– тапсырыс берушіні әрекет етуші жүйе туралы ақпараттандыру әрекеттерін жүзеге асыру қажет.
Сәйкес емес сападағы өнім тұтынушы талаптарын қанағаттандыру мақсатымен түзетіледі, басқа мақсаттарда пайдалану үшін басқа санатқа ауыстырылады немесе жарамсыз деп танылып, қалдықтар құрамына жатқызылады.