4.8. Сапаны ішкі тексеру Мекеме сапа жүйесінің әсерлілігін анықтау және оның ИСО 9000 талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатымен өзінің іс-әрекетін жан-жақты тексеру жұмысын жүзеге асырады. Тексерулер операциялар мен әрекеттердің маңыздылық деңгейіне тәуелді әртүрлі салада жоспарланған аудит формасында болады.
Тексерулерді құжат түрінде рәсімделген ережелеге сәйкес мамандар жүргізеді.
Тексеру нәтижелері құжат түрінде рәсімделеді және тексеру кезінде шығарылған кемшіліктерді жою және уақтылы түзетуші әрекеттерді жүзеге асыру үшін басшылыққа хабарланады.
9.3-сурет. Тексеру жүргізу жиілігі алдыңғы тексеру тәжірибесі негізінде анықталады. Бірдей аумақта тексеру жылына бір реттен кем емес жүргізіледі және бекітілген жоспарға сәйкес орындалады. Жоспарда тексеру жүргізу орны мен уақыты, аудитордың біліктілігі, дайын өнімге қойылатын талап, тексеру жүргізу әдістері, сондай-ақ нәтижелерді көрсету тәртібі көрсетіледі.
9.3-суретте сапа менеджменті жүйесінің сапа бойынша жасалған басшылыққа сәйкес құрылу сұлбасы көрсетілген.
Сапа менеджменті жүйесінің күйі туралы алдын ала ақпараттар алу үшін сауалнама құру қажет. Оның сұрақтары ҚР СТ 3.15.2.-98 стандартындағы «В» қосымшасынан алынады және оларға жауап беріледі.
1. Кәсіпорында саясатты, мақсаттарды және сапа саласындағы кәсіпорынның тапсырмаларын анықтайтын, кәсіпорын басшылығы бекіткен құжаттар бар ма?
2. Сапа саласындағы басшылықтың бұйрықтарын іске асыруды бақылау қамтамасыз етіле ме?
3. Персонал үшін сапа саласындағы жауапкершілік, өкілеттілік және өзара әрекеттері анықталған ба?
4. Функционалдық міндеттерді орындауда персоналдың өзара әрекеттері қалай анықталады?
5. Кәсіпорын қажетті құралдармен қамтамасыз етілген бе, сапа жүйесін дайындау мен құрылымдау үшін қажетті материалдық және техникалық ресурстар бөлінген бе?
6. Басшылықтың өкілі. Сапа жүйесін әсерлі құрылымдауға жауапты басшылық өкілінің міндеттері кімге қойылған?
7. Басшылық өкілінің шешімдері, нұсқаулары және бұйрықтарын кім орындайды?
8.Құжаттамада сапа жүйесінің кәсіпорын жағынан талдауы қарастырылған ба?
9. Кәсіпорында процедураның идентификациясы мен өнімнің бірізділігі анықталған ба?
10. Идентификация арқылы өнім өндірісінің барлық сатылары мен оның техникалық құжаттары қамтылған ба?
11. Кәсіпорында өндірістік процестерді басқарудың құжатталған процедуралары бар ма?
12. Өнімді дайындаудың технологиялық процесінің біршама жауапты сатылары анықталған ба?
13. Кәсіпорында жоспарлық-профилактикалық жөндеу жүргізу мерзімі, құрылғыны, құралдарды тексеру процестері орындала ма?
14. Кәсіпорында технологиялық процестерді статистикалық реттеу қолданыла ма?
15. Арнайы процестерге жататын өндірістік процестер анықталған ба?
16. Арнайы процестерді басқарудың құжаттандырылған процедуралары бар ма?
17. Кәсіпорында бақылау мен сынаудың құжаттандырылған жүйесі бар ма?
18. Әрекет етуші құжаттамада өндіріске түсетін шикізатқа, материалдар мен құраушы бұйымдарына кірістік бақылау жүргізу қарастырылған ба??
19. Өндіріс процесінде сынаулар мен бақылау жүргізу тәртібі регламенттелген бе?
20. Сапаны бақылау әдістері бекітілген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді идентификациялауға мүмкіндік бере ме?
21. Кәсіпорында дайын өнімге қорытынды бақылау мен сынау жүргізу процесі бар ма?
22. Осы процедуралар өнімнің нормативтік құжаттар мен тұтынушылар талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ете ме?
23. Бақылау және сынау процедуралары нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келе ме?
24. Бақылау және сынау нәтижелерін тіркеу тәртібі регламенттелген бе?
25. Кәсіпорын барлық қажетті бақылау-өлшеу және сынау құрылғыларымен қамтамасыз етілген бе?
26. Техникалық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізіле ме?
27. Кәсіпорындағы бақылау-өлшеу және сынау құрылғысы өнім сапасының барлық бекітілген параметрлеріне бақылау жүргізуге мүмкіндік бере ме?
28. Кәсіпорында өнімнің бақылау және сынау бойынша бекітілген процедураларынан өткендігін растайтын белгілі бір тәртіп қабылданған ба?
29. Берілген тәртіп өндіріс процесінде өнімнің қандай бақылау мен сынаудан өткендігін бекітуге мүмкіндік бере ме?
30. Сәйкес емес өнімді басқару бойынша әрекеттерге қанағаттандырарлықсыз өнім сапасын шығару, құжаттар идентификациясы, сәйкес емес өнімді бағалау және оқшаулау әрекеттері кіре ме?
31. Сәйкес емес өнімді басқару бойынша әрекеттер осы өнімнің өндіріс процесінде кәсіпорында қолданылмауына, тапсырыс берушіге жеткізілмейтініне кепілдікті қамтамасыз ете ме?
32. Сәйкес емес өнім талдаудың құжаттандырылған әдістемесі бар ма?
33. Өнімнің сәйкессіздігін тудыратын себептерді жоюға бағытталған іс-шаралар жүргізіле ме?
34. Құжаттандырылған процедураларға сәйкес қайта жасалған және жөндеуден өткен өнім қайта тексеруден өте ме?
35. Кәсіпорында түзетуші және ескертуші әрекеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін процедуралар рәсімделген бе?
36. Өнімді тиеу-түсіру жұмыстары, сақтау, қаптау, консервациялау және жеткізу процедуралары орындала ма, құжат түрінде рәсімделген бе?
37. Сапа туралы тіркелген берілімдерді жинау, идентификациялау, сақтау, жүргізу және алып тастау процедуралары бекітілген бе?
38. Кәсіпорында өнім сапасын, сапа және процестер жүйесін ішкі тексеру жүргізіле ме?
39. Тексеру нәтижелері құжат түрінде рәсімделе ме?
40. Тексеру кезінде шыққан кемшіліктерді жою бойынша іс-шараларды орындауға бақылау жүргізіле ме?
41. Кәсіпорында сапа саласында персоналдың біліктілігін көтеру және оқыту бағдарламалары бар ма?
42. Кәсіпорында кадрларды оқыту, дайындау, қайта дайындау және біліктілікті көтеру бойынша процедуралар құжаттандырылған ба?
43. Өнімнің техникалық қызмет көрсету процедуралары регламенттелген бе?
44. Кәсіпорында өнімнің техникалық қызмет көрсетуі ұйымдастырылған ба?
45. Техникалық қызмет көрсету бойынша тұтынушылардың шағымдары талдана ма?
46. Әрекет етуші құжаттамада статистикалық әдістердің қолданылуы қарастырылған ба?