Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет194/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Заттар және материалдар

Отын (көмір, газ, дизельдік отын)

Құрамына мырыш кіреді

Бензин, бояғыштар

Құрамына мырыш кіреді

Жуу заттары

Құрамына натрий триполифосфаты, табиғи ортада ыдырау жылдамдығы

Пестицидтар, минералды тыңайтқыштар, дезинфекциялық заттар, полихлор-бифенилдар, ерітушілер, бояулар, лактар

Экологиялық қауіп класы, табиғи ортада ыдырау жылдамдығы, сақтау және пайдалану ережелері

Озонды ыдырататын заттар, соның ішінде, перхлорфторуглеводородтар (ПХФУ)

ПХФУ шығаруды қысқарту, ПХФУ пайдалану тәсілдерін жетілдіру

Тасымалдау құралдары

Іштен жану двигательдері

Шыққан газдағы ластаушы заттардың концентрациясы, шуыл деңгейі, дірілдер

Технологиялық жабдықтар

Отынды жағуға арналған жабдықтар

Шығарылған заттардағы ластану және қалған жылу концентрациясы

Шаң, газ, су тазарту жабдықтары

Тазалаудың тиімділігі және өнімділігі

Өндіріс және тұтыну қалдақтарын жою және қайта жандыруға арналған жабдықтар

Жою және қайта жандыру тиімділігі

СЭУ стандарттау жұмыстары 1993 жылы ИСО-ТК207 «Қоршаған ортаны басқару» техникалық комитетін құрудан басталды. 1996 жылы комитет ИСО 14000 сериялы стандарттар кешенін жасады. Осы стандарттарға сәйкес СЭУ кәсіпорынды әкімшілік басқарудың құрам бөлігі ретінде анықталады. Ол кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекеті процесінде қоршаған ортаны қорғауды басқару мақсатына қызмет етуі қажет. СЭУ негізгі мақсатының бірі – экологиялық тәуекелді басқару. Қазақстанда экологиялық сертификаттау жаңадан дамуда. Бірақ бұл бағытта да бірталай шаруалар жасалып жатыр. Осы салаға жататын объектер бекітілген. Олар үш топқа бөлінеді:


• мемлекеттік стандарттарда экологиялық талаптар қойылған өнім, процестер, жұмыстар, қызметтер, міндетті сертификаттауға жатады;
• экологиялық спецификасына байланысты ҚР СТ жүйесі ережелері бойынша сертификаттауға жатпайтын объектілер;
• қоршаған орта барлық құрамымен бірге, оларға нормативтік талаптар мен сертификаттау реті жасалмаған.
Қазақстан Республикасында қабылданған ИСО 14000 сериялы стандарттар тобын 3 топқа бөлуге болады:
– жалпы қолдануға арналған стандарттар – ИСО 14001-96 «Қоршаған ортаны басқару жүйесі. Талаптар және қолдануға басшылық», ИСО 14004-96 «Қоршаған ортаны басқару. Жалпы басшылық нұсқаулар принциптеріне, жүйелеріне және жұмыс істеуді қамтамасыз ету құралдарына», ИСО 14050-98 «Қоршаған ортаны басқару. Сөздік»;
– СЭУ тексеру және бағалау ережелерінің стандарты – ИСО 14010-96 «Экологиялық аудит бойынша басшылық нұсқаулар. Негізгі принциптер», ИСО-14011-96 «Экологиялық аудит бойынша басшылық нұсқаулар. Аудит процедурасы. Қоршаған ортаны басқару жүйесіне аудит жүргізу», ИСО 14012-96 «Экологиялық аудит бойынша басшылық нұсқаулар. Экология саласы бойынша аудиторлар біліктілік критерийлері», ИСО 14031-96 «Қоршаған ортаны басқару. Қоршаған ортаны басқару. Басшылық нұсқаулар»;
– өнімге бағытталған стандарттар – ИСО 14020-98 «Экологиялық таңбалау және декларациялар. Негізгі принциптер», ИСО 14023-98 «Экологиялық таңбалау және декларациялар. Қоршаған орта декларациялары», ИСО 14024-98 «Экологиялық таңбалау және декларациялар. 1-типті экологиялық таңбалау. Принциптері және процедуралары», ИСО 14040-97 «Қоршаған ортаны басқару. Өмірлік циклды бағалау. Принциптері және құрылымы», ИСО 14041-98 «Қоршаған ортаны басқару. Өмірлік циклды бағалау. Мақсаты мен саласын анықтау. Талдау», ИСО 14042 «Қоршаған ортаны басқару. Өмірлік циклды бағалау. Әсер етуді бағалау», ИСО 14043 «Қоршаған ортаны басқару. Өмірлік циклды бағалау. Интерпретация».
СЭУ ИСО 14001 стандарты талаптарына сәйкестігін сертификаттау реті жай сертификаттау ретімен бірдей. 2002 жылы ИСО ТК 176 және ТК 207 техникалық комитеттері сапа жүйесін сертификаттау және СЭУ сертификаттауды бірдей жүргізу үшін ИСО 19011 стандартын шығарды.
ҚР МСЖ негізгі мақсаттарының бірі – отандық өнім мен қызметті халықаралық нарықта мойындау. Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау, ерікті сертификаттау, сертификаттау ретін халықаралық нормалар және талаптармен үйлестіру, ұлттық стандарттарды халықаралық ИСО, ИСО/МЭК, EN 45000 сериялық стандарттар талаптарына келтіру жұмыстары жетілдіруде. Кейбір халықаралық стандарттар ұлттық стандарттар ретінде, мысалы ҚР СТ ИСО 17025-2001 «Сынау және калибрлеу зертханаларының біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар», ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001 «Өнімді сертификаттау органдарына қойылатын жалпы талаптар» және басқалар қабылданды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет