5. Сертификатталған өнім мен қызметті таңбалау. Сертификаты бар өтінім беруші сертификатталған өнімді немесе қызметті сәйкестік Белгісімен таңбалау құқығына өтінім береді. «Сәйкестік белгісі» термині – МСЖ ережелеріне сәйкес қолданылатын, өнім, қызмет, жұмыс немесе процесс нақты нормативтік құжатқа сәйкестігін қажетті сенімділікпен қамтамасыз етілетін нұсқайтын, бекітілген ретпен қорғалған белгі. Таңбалау мақсаттары: дайындаушыға сенімді жоғарылату; таратуға көмек; адамдардың денсаулығы мен өмірінің, қоршаған ортаның қауіпсіздігіне сенімді болу. Таңбалау ҚР СТ 3.1-2001 «ҚР МСЖ. Сәйкестік белгісі. Техникалық талаптар» стандартының талаптарына сәйкес орындалады. Өнім мен қызметті сәйкестік Белгісімен таңбалау құқығы туралы шешім өтінім бойынша қабылданады. Сәйкестік Белгісін қолдану мерзімі сертификат мерзімінен аспайтын уақытқа беріледі.