Дене шынықтыру, спорт отансүйгіштік қасиет Есенбаев Абылай Дарханұлы, Ермекова Дильназ Қайратовна



Дата10.02.2020
өлшемі24,04 Kb.
#57542
Байланысты:
Мақала

Дене шынықтыру, спорт отансүйгіштік қасиет

Есенбаев Абылай Дарханұлы, Ермекова Дильназ Қайратовна

Спорт сенің серігің-

Жанға дауа қолға күш.

Сергітін адамды –

Қимыл мен қозғалыс


Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім мен әл – ауқаты» тармағында «азаматтармыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған ортаның таза болуы үшін азаматтарды салауатты өмір салтына әзірлеу» қажеттігі көрсетілген

Дене тәрбиесі мен спорт қоғамдағы белгілі бір тарихи жағдайлардың жемісі ретінде адамдардың рухани қызметінің тарихи нәтижесінде пайда болған жиынтығын құрайды. Жыл сайын түрлі елдерде өткізіліп келе жатқан «Қазіргі қоғамдағы спорт», «Олимпиадалық спорт» және баршаға арнаны конгресс жұмыстарында денсаулықты нығайту мен салауатты өмір қалыптастыру саласында пайдалау мүмкіндігіне, әлеуметтік және ұлттық жағдайларда дене тәрбівесі мен спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдануды жинақтаудың маңызына үлкен мән береді.

Дене тәрбиесі мен спорт элементтері адамзат қоғамы пайда болған кезден бастап өмір сүріп келеді. Түрлі ойындар мен жарыстардың көмегі арқылы әлеуметтік байланыстар орнап. тәжірибе алмасу шеңбері кеңейе түсетін.

Уақыт өткен сайын жекелеген рулар арасындағы. сонан сон тайпалар мен тайпалық арасындағы қарым-қатынастар тұрақты және ғаламдық сипатқа не болды. Бірге еткізген ойындар мен жарыстар осы үдерістің дами түсуіне ықпал етті, бірте-бірте әр түрлі рулық қоғамдағы адамдардың мінез-құлық мәдениеті мен этикалық нормаларын калыптастырады. Бұл жайында Қазақстан аумағында ертеден келе жатқан мәдени байланыстар мен жанасулар, түрліше қарым-қатынастар баяндайды.

Дене тәрбиесі мен спорт дене шынықтырудың жүйелік бөлігі ретінде жалпыға бірдей және әлемдік құбылыс болып табылалы, ұлтаралық қарым-қатынас аспектіне ену арқылы мемлекеттік, экономикалық және құқықтық мәселелермен шектеліп қалмайды. Дене тәрбиесі мен спортта әлеуметтік болмыстың барлық салаларындағы ең манызды деген сандық және сапалық өзгерістер. ұлттар мен ұлыстардың материалдық және рухани өмірі ез көрінісін табалы, адамзат қоғамының қалыптасу нәтижелері мен қарқыны, денсаулық мәдениеті мен салауатты өмір салтын сақтау туралы және жеке адам мен қоғамның көзқарастар жүйесі мен мінез-құлық нормалары жайлы төрелік айтуға мүмкіндік береді.

Дене тәрбиесі мен спорттың табиғаты халықтар арасындағы достықтың нығаюына, әр түрлі өкілдерінің әлеуметтік жағдайы мен ешбір діни наным сеніміне қарамастан, жақындасуына базалық негізде ықпал жасайтын ықпал ретінде қызмет аткарады, бірак ол субъективті фактор - адамдар мей ұжымдардың белсенді араласуынсыз бұл феномендерді дүниеге әкеле алмайды. Егер қоғамдық, дене шынықтыру мен спорттық ұжымдар бұл феномендерді жетілдіру жұмысымен шұғылданбайтын болса, кателіктер мен бұрмалауға жол берсе, онда прогресшіл даму үдерісін тежейтіндей алғышарттар пайда болады [1].



Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі -жеткіншектерді Қазақстандық елжандылық пен Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл мәселенің көкейкестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында бұрынғысынан да артып отыр.

Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі міндеті – еліміздің тұрғындарының денсаулығын нығайту, олардың еңбекқабілеттілігін, Отан қорғауға дайын болуын, жоғары адамгершілік қасиетттерін, күші мен төзімділігін арттыру және дені сау ұрпақты тәрбиелеу.

Дене тәрбиесі- адамның дене қасиеттерін дамытатын, денсаулығын нығайтатын жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Сондықтан да ол әлеуметтік қызметтің бір қыры болып табылады да, өмірмен, еңбек тәжірибесімен, Отанды қорғаумен байланыста болады. Осыған байланысты, бүкіл дене тәрбиесі жүйесінің, оның барлық түрлерінің негізгі міндеті- адам денсаулығын туылғаннан бастап нығайтуға жан-жақты әсер ету.

Жастарды тәрбиелеу, барлық идеологиялық жұмыстар жастарда еліміздің алдында азаматтық, борыш сезімін және оның экономикалық дамуы үшін, өркендеуі үшін, мемлекеттік қауіпсіздік үшін жауапкершілікті жастайынан бойына сіңіруге бағытталуы қажет.

Дене шынықтыру ұйымдарының, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың алдына дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы еліміздің экономикалық және қорғаныс күштерінің өсуіне, қазақстандықтардың, әсіресе балалар мен жастардың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың белсенді өмірге көзқарасын қалыптастыру, олардың тұрмыста, оқуда және өндірісте салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету жүктеліп отыр. Осы мақсаттармен түрлі бағдарламалар, дене дайындығынан Президенттік сынақтар дайындалып, дене тәрбиесінің әдістемесі жетілдірілуде. Оқушылар мен студенттердің арасында оқу-жаттығу үдерісінің сапасын жақсартуға арналған күш-жігер нәтижесінде олардың спорттық көрсеткіштері жақсаруда.

Спорт, дене тәрбиесі- еңбек және эстетикалық тәрбие сияқты жеке тұлғаның өсуінде, қазақстандық патриотизмды қалыптастыруда жеке тұлға өмірінде ерекше орын алады.

Халықаралық ареналарда спортшыларының өнер көрсетуі қай мемлекет үшін де мәртебелі. Жеңімпаз үшін мемлекетінің әнұраны орындалып, мемлекеттік туы көтеріледі. Бұл нәтижеге жету үшін спортшыны жетілдіру жолында ұзақ спорттық жол өтіледі. Жаттықтырушы мен оқытушылар алдында спортшыны дене дайындығымен қоса отансүйгіштік , жеңіске жетуге табандылыққа тәрбиелеу жүктеледі.

Спортшы өзімен-өзі өмір сүрмейді. Ол ұжымда тәрбиеленеді – ол мектепте, жоғары оқу орнында, өндірісте, спорттық секцияда, басқа да спорттық ұжымдар мен жеке тұлғалармен үнемі бәсекелестікте болады. Ұжым ішінде күрделі қарым-қатынастар да кездеседі. Дәл осы кезде жолдастық, отансүйгіштік, қарсыласқа деген сыйластық, тез қарым-қатынас орнату, ұлтаралық ынтымақтастық сияқты сезімдер нығая бастайды. Ерік – жігер сезімі қалыптасып, тәртіп орныға бастайды. Осындай жағдайларда спортшыларда нақтылық, берік ұстам, жауапкершілік, белсенділік, саналы түрде оқуға, еңбекке деген ынтасын ояту қажет. Көп нәрсе жаттықтырушы немесе оқытушыға байланысты, спортшы олардың жеке басын үлгі етеді. Әр тәрбиеленуші өз ұстазына немесе өзінен үлкен жолдасына еліктеп өседі, сол сияқты болғысы келетіні бәрімізге белгілі. Сондықтан ұстаз жоғары адамгершілік қасиетке ие болып, әрқашан өз білімін жетілдіріп отыруы қажет, өзіндік көзқарасы, өз ұстанымы болуы керек. [2,86 б.].

Жаттықтырушы немесе оқытушы шәкіртіне шылым шегудің, ішімдіктің, есірткінің зиян екеніне, басқа да зиянды әрекеттердің спортпен байланысы жоғына көзін жеткізіп, тек салауатты өмір салтын ұстанып және оқу- жаттығу үдерісіне жауапкершілікпен қарағанда ғана спортта үлкен жетістіктерге жетуге болатынына сендіру қажет.

«Адамгершілік кемшіліктері» бар спортшылар тек уақытша жетістіктерге жететінін тәжірибе көрсетті. «Жұлдыз ауруымен» ауырған спортшылар спорттық режімді бұзып, рухани төмендеп, көп ұзамай спорттан біржола кетеді.

Спортшылармен тәрбие жұмысын жүргізгенде әңгімелер, лекциялар өткізу, ақпарат көздерін пайдалану, көрнекілік үгіт жүргізу, мақтау қағаздарын, дипломдарды, спорттық дәрежелер мен атақтарды салтанатты түрде тапсыру, жеңімпаздарға тағзым ету, сонымен қатар ардагерлермен, алдыңғы қатарлы спортшылармен кездесулер өткізу сияқты формалар жақсы әсер етеді. Осындай шаралар арқылы жастардың бойына биік ұстаным мен беріктілікті сіңіруді, өз білімдері мен біліктерін өзекті мәселерді шешуде қолдануды үйрету керек.

Республикалық оқушылар Спартакиадалары мен жоғары оқу орындары студенттерінің Универсиадасын өткізу кезінде спортшылардың патриоттық тәрбиесіне баса назар аударылады. Осы мақсатпен Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, спорт және еңбек ардагерлерімен кездесулер өткізіледі. [3,35 б.].

Спорттық мерекелер кезіндегі спортшылардың жаппай өнер көрсетулері, көркемөнер ұжымдарының өнер көрсетуі, театрландырылған қойылымдар, мемлекеттік туды көтеру, отшашулардың атылуы - осының бәрі спортшыларға күшті мотивация бола алады. Әр спортшы алдымен өз ауданының, одан қаласының, облысының, сосын республиканың намысын қорғайды. Осыдан отансүйгіштік қалыптасады.

Жастарда ұлтаралық ынтымақтастық сезімдерін қалыптастырмай, патриоттық тәрбие беру мүмкін емес. Әр ұлтқа деген сыйластық, олардың мәдениетіне, салт-дәстүріне сыйластық таныту- қазақстандық патриотизмнің, тұрақтылықты бекітудің және еліміздің өркендеуінің маңызды бөлігі.

Бұл мақсатта көпшілікке әсер етудің барлық түрлері мен формаларын, соның ішінде жалпыхалықтық сипатқа ие болған дене шынықтыру мен спорт құралдарын пайдалану аса маңызды. Бұл құралдардың пайдаланудың жан-жақтылығы біріншіден, дене шынықтырудың жалпы талаптарын меңгеруді (бұл балабақшада, жалпы білімберу мектептерінде, колледждер мен жоғары оқу орындарында өтетін дене шынықтыру сабақтары), екіншіден, өз қызығушылықтары бойынша спорт түрлерінен секциялардағы жаттығулар, үшіншіден, Олимпиадалық резервтер мектептерінде, республикалық жоғарғы спорт шеберліктері мектептерінде, құрама командаларда кәсіби спорттық шеберліктерін жетілдіру болып табылады.

Спорттағы отансүйгіштік пен интернационализмнің шекарасы болмайды, мұнда бәрі бірдей тең, алайда қашан да мықтылар жеңеді. Онымен қоса, спортта қандай ұлт өкілі болмасын, қарсыласқа деген сыйластық қалыптасады. Отансүйгіштік пен интернационализм нағыз республикадағы шындық өмірдің, экономикалық, саяси, әлеуметтік тұтастықтың әсерімен қалыптасады [4,53 б.].

Шешім –республиканың алдағы уақыттағы өркендеуі тек елімізде тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің өзара түсінушілігі, елімізде тұрақтылық болғанда ғана мүмкін.

Осыған байланысты отансүйгіштікпен интернационалдық тәрбиенің міндеттері:

Жасөспірімдер мен жастарда отанына деген адалдық пен махаббат сезімдерін қалыптастыру, отанын қорғауға дайындық, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту;

Еліміздің экономикалық, әлеуметтік және мәдени құрылыстарын нығайтуға әр адамның өз үлесін қосуды насихаттау;

Жас буынның мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу, олардың ата-бабаларының соғыстағы және еңбектегі ерліктеріне, еңбек және ұлттық құндылықтарына сыйластықпен қарау, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу. Әр Қазақстан тұрғындарында Отанына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.

Еліміздің тұрғындарын салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Шындығында, мемлекетіміздің білім және тәрбие сфералары қоғамды дамытудың стратегиялық мақсаттарының бірі ретінде қарастырылады. Бұл мақсатқа жетуде аз да болса дене шынықтыру мен спорттың дамуы да әсерін тигізеді, өйткені жас буынды отансүйгіштік пен интернационализм рухында тәрбие беруде спорттың ролі ерекше.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, біз салауатты өмір салтын ұстануымыз керек. Өйткені адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» - деп орынды айтқан. Отанмыздың болашағы, дамуы, көркеюі – салауатты өмір салтын ұстаған азаматтар мен азаматшалардың қолында.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. А.Ж.Күлейменов, Л.М.Күлейменова. мақала – Оқушылардың салауатты өмір салтын қарастыруда ұлттық спорт түрлерінің рөлі. – Қарағанды университетінің хабаршысы №3(79)/2015

2.Иванов Г.Д. – Лекции по физической культуре для студентов Вузов - Алматы, 2006. – 86 б.

3. Жамадилов Н.Д., Багалов Г.Н., Кажиев Г.Г., Сухарев Н.А., Мухамедияров А.Ж. Воспитание Казахстанского патриотизма и гражданственности. –Алматы, 2005. 35 б.

4. Семушкин А.Ф., Карнаух Н.А. –Физическая культура и спорт: интернационализм и патриотизм. – Алматы, 2006. – 53 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет