1. Лирикалық шығарма «Қодардың өлімі» өлеңі



Дата07.02.2022
өлшемі18,89 Kb.
#84374
түріСабақ
Байланысты:
Тәкір Гүлмарал


1.Лирикалық шығарма
« Қодардың өлімі» өлеңі
I Авторы: Шәкәрім Құдайбердіұлы
II Шығарманың тақырыбы: Қодар мен Қамқа трагедиясы
III Әдеби жанр түрі: лирикалық жанр өлең
IV Шығарманың идеясы: Қодар мен Қамқаның өмірі арқылы сол заман көрінісін суреттеу. Күнәдән аулақ болуға шақыру және бұл трагедия басқаларға сабақ болуын көздеу.
V Шығарманың композициялық құрылысы.
1.Шығарманың басталуы. Қодар өлімін түсіндіру (өз ағайындары өзгеге сабақ болсын деп өлтіруі). Ол қайтыс болған құз- тасты суреттеу.
2.Шығарманың байланысуы. Олжай тараған ұрпақ өкілдерін таныстыру. Баласы қайтыс болған Қодардың өз келініне үйленіп алуы. Бұл әңгіменің ел арасында тарауы.
3.Шығарманың дамуы: Тобықты, Арғын,Найман руларының бас қосуы.
4.Шығарманың шиеленісуі: Елінде болып жатқан сұмдық жағдайды Барақ Құнанбайдың бетіне басуы. Мән жаймен толық танысқан Құнанбайдың әділ шешімі.
5.Шығарманың шарықтау шегі:Зина жасаған күнәхарларға шариғат бұйрығы бойынша жаза қолданылуы. Қодар мен Қамқаның өлімі ( дарға асылып, тас атқылап)
6. Шығарманың шешімі. Көмілусіз, отқа өртенген қос мүлде.

2.Эпикалық шығарма
«Танакөз» поэмасы
I Авторы: Мұхтар Шаханов
II Шығарманың тақырыбы: Достық-махаббат тақырыбы
III Әдеби жанр түрі: Эпикалық жанр , поэма
IV Шығарманың идеясы: достық атты ұлы сезімді қадірлеу
V Шығарманың композициялық құрылысы.
1. Шығарманың басталуы. Мұхтар мен Мұраттың және олардың әкелерінің ажырамас достығы. Танакөз атты сұлудың бұларға жолдас болуы. Тәтті балалық шақ.
2. Шығарманың дамуы.Мұхтар мен Мұраттың мектеп бітіруі. Қос жігіттің Танакөзге ғашық болуы.
3. Шығарманың байланысы. Ауыл өміріне белсене араласқан жастар.
4. Шығарманың шиеленісі. Мұхтардың Танакөзге сезімін білдіруі . Достық үшін бақытынан бас тартқан Мұрат. Мұраттың Зергүлге үйленуі. Досының бақытсыздығына себеп болғанын Мұхтардың Алматыға кетуі.
5. Шығарманың шарықтау шегі.Үзілген хат. Трактордың астында қалып қойған жас тағдыр. Мұраттың қос аяғынан айрылуы. Әйелінің оны тастап кетуі.
6. Шығарманың шешімі. Суық хабарды естіген Мұхтардың ауылға қайтуы. Қосылған шын ғашықтар. Олардың бақытына шын қуанған адал дос Мұхтар.


3. Драмалық шығарма
«Еңлік-Кебек» пьесасы
I Авторы: Мұхтар Әуезов
II Тегі –драма
III Жанры –пьеса
IV Идеясы –феодалдық әдет-салт заңының құрбаны болған Еңлік пен Кебектің тағдыры арқылы сол кезеңдегі ең негізгі тартысты ашу.

Шығарманың композициялық құрылымына сатылай кешенді талдау


1. Шығарманың басталуы. Кебектің Нысан абызға бал аштыруы
2. Шығарманың байланысуы. Кебектің аңға шығып, адасып, Еңлік үйіне түсуі
3. Шығарманың дамуы. Кебек пен Еңліктің бір-біріне сөз беруі. Қара жартаста кездесуі
4. Шығарманың шиеленісуі. Еңлік пен Кебектің елден қашып кетуі
5. Шығарманың шарықтау шегі. Көбейдің Кеңгірбай жұмбағын шешуі. Кеңгірбайдың қатал үкімі
6. Шығарманың шешімі. Еңлік пен Кебекті ат құйрығына байлап өлтіруі. Бесікте шырылдаған

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет