1. Сертификаттауға өтініш. Бұл кезеңде мынадай жұмыстар жасалынады: өтінушінің өтінім беруі; сертификаттау органының шешім беруі; өнім мен көрсетілетін қызметті сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге келісім-шарт жасау. Өтінім берушінің, өзіне керек деген объектілерге сәйкестікті бағалау жұмыстарын жүргізе алатын сертификаттау органын таңдауы сертификаттау органының аккредиттеу саласымен анықталады. Егерде бұл жұмыстарды бірнеше сертфикаттау органдары атқара алатын болса, онда өтінім беруші олардың ішінен біреуін өзі таңдап алады. Өтінім сертификаттау жүйесінде бекітілген пішімде жіберіледі. Сертификаттау органы өтінімді қарап, жауабын өтінім берушіге хабарлайды.