Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет186/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

10.3- кесте. Қызмет көрсетуді сертификаттау сұлбасы

Сұлба нөмірі

Орындаушының іскерлігін бағалау

Қызмет көрсету процесін бағалау

Кәсіпорынды аттестаттау



Сапа жүйесін сертификаттау

Қызмет нәтижесін таңдап тексеру

Инспекциялық тексеру

1

+










+

Көрсетілген қызмет нәтижесін тексеру

2




+







+

Қызмет көрсету процесін стандарттау тұрақтылығын тексеру

3













+

Көрсетілген қызмет нәтижесін таңдап тексеру

4







+




+

Көрсетілген қызмет нәтижесін таңдап тексеру

5




+

+

+




Жүйенің жұмыс істеуін стандарттау тұрақтылығын тексеру




  • 2- сұлба – екі тәсілмен іске асатын қызмет көрсетілу процесін бағалауды қарастырады: технологиялық процесті, орындаушы шеберлігін, қызмет көрсету жағдайын тексеру немесе қызмет сапасын бағалау мен инспекциялық тексеру.

Технологиялық процесті тексеру:
– технологиялық құжаттардың толықтығы;
– орындалатын технологиялық процесс талаптарына жабдықтардың сәйкестігі;
– орындалатын технологиялық процесс талаптарына орындаушылар кәсіпқойлығының сәйкестігі;
– технологиялық тәртіптің сақталуы;
– орындалатын технологиялық процес талаптарына тексеру-өлшеу құралдарының сәйкестігі параметрлерін қамтуы тиіс.
Инспекциялық тексеру көрсетілетін қызмет тұрақтылығын тексеру арқылы жүзеге асады.

  • 3- сұлба – қызмет нәтижесін толық тексеру, қызмет нәтижесін таңдап тексеру арқылы инспекциялық тексеруді қарастырады. Бұл сұлбаны материалдық қызмет көрсету, сонымен қатар жеке тапсырыс бойынша бұйым жасау мен жөндеу кезінде қолданады.

  • 4-сұлба – кәсіпорынды аттастаттау және инспекциялық тексеруді қарастырады.

Кәсіпорынды аттестаттау кәсіпорынның материалдық-техникалық базасының жағдайын; тұтынушыларға қызмет көрсетудің санитарлық- гигиеналық жағдайын; қызмет сапасы мен түрлерін: қызмет көрсетудің нақтылығы мен уақытын; қызмет көрсету сапасын; қызметкерлердің кәсіпқой шеберлігін тексеруді қамтиды.
«Қызмет көрсету сапасы» деген ұғымға тұтынушы сұраныстарын ескеру, сөйлесу этикасы, эстетика және т.с.с. кіреді.
Бұл сұлбаны қонақ үй, мейрамхана, шаштараз, кинотеатрларды сертификаттауда қолдануға болады. Кәсіпорынды аттестаттау нәтижесі разряд тағайындау (категория, жұлдыз, класс) болады. Инспекциялық тексеру қызмет нәтижесін таңдап тексеру және әлеуметтік әдістерді қолдану жолдарымен жүргізуге болады.

  • 5- сұлба – сапа жүйесін сертификаттау мен оның жұмыс жасау тұрақтылығын инспекциялық тексеру қарастырады.

Сапа жүйесін сертификаттауда: сапа саласындағы саясат; сапаға басшылық; бекітілген талаптарға сапа жүйесі элементтерінің сәйкестігі; сапа жүйесі саласында орнатылған сапа жүйесі мақсатына қол жеткізу тиімділігі тексеріледі.
Сапа жүйесін сертификаттау ҚР МСЖ нормативтік құжаттарына сәйкес- сапа жүйесі сарапшы-аудиторларының көмегімен, сертификаттау органымен жүргізіледі. Өтінім берушінің сапа жүйесі сертификаты болса, сапа жүйесін сертификаттау жүргізілмейді. 5-сұлба қызметтің барлық түрлерін сертификаттауда қолданылады.


10.4 – кесте. ЕО елдеріндегі сертификаттау сұлбалары



Ж
О
Б
А
Л
А
У

Модуль А

Өнім өндіруші


нің ішкі өндірістік тексеру жүргізуі



Модуль В

Үшінші жақтың қатысуымен (арнайы тағайындалған орган) ЕС ережелері бойынша бұйым үлгілерін сынау





Модуль G

Үшінші жақтың бұйымды бір даналап сынақтан өткізуі



Модуль Н
Жобалау, өндіріс,
сынау
және
бақылау сапасын қамтамасыз ету жүйесінің болуы



Ө
Н
Д


І
Р
І
С



Модуль С

Бұйым
ның


Сыналған үлгіге сәйкетігі



Модуль D
Өндірісті сапамен қамтама-сыз ету жүйесінің барлығы



Модуль Е
Бұйымды сынау және тексеру сапасын қамтама-сыз ету жүйесінің барлығы



Модуль F
Бұйымды үшінші жақтың сынақтан өткізу

Еуропалық Одақ (ЕС) елдерінде де осындай сертификаттау сұлбалары қолданылады. Олар модульдық болып құрастырылады және қолданылуында арнайы ерекшеліктері бар. Бұл жағдай Еуропадағы сертификаттау мен аккредиттеу жөніндегі «Жаһандық концепцияда» түсіндірілген. Өнімнің қауіпсіздігі жөніндегі ЕС нұсқаулары нақты бір модульді сәйкестікті бағалау үшін өндіруші-кәсіпорында қолдануды ескертеді. А, В, G, H модульдерінің бірін немесе олардың комбинацияларын қолдану қауіпсіздіктің көрсеткіштерін дұрыс бағалаудың дәлелі болып келеді. Егерде өнімнің үйлестірілген нұсқаулардың талаптарына сәйкестігі айқындалса, онда өнім өндіруші өзінің арнайы белгісімен өнімді таңбалайды (10.6-сурет). ЕО қауіпсіздік бойынша үйлестірілген нұсқауларының талаптарына сәйкестік белгісі (Communautes Europeennes).



Сәйкестікті бағалау модулі өнімді жасаудың екі: жобалау және өндіру кезеңін қамтиды. Модулдердің мазмұны мен қолдану шарттары 10.4- кестеде берілген. Көрсетілген модульдердің әрқайсысы қажет болған кезде, нақты нұсқау талабына сәйкес толықтырылып отырады. Өнім өндірушінің бұйымның сәйкестігі туралы декларациясы мен модуль қолдану нәтижелері бойынша белгі соғуы сапа белгісі немесе саудаға шығару рұқсаты деп саналмайды. Бұл тек қана ЕО бойынша еркін сауда кепілдігі деп есептелінеді.
Сертификаттау таңдап алынған сұлба бойынша және нақты бір жүйемен жүргізіледі. Жүргізу реті нақты жүйе ережелерімен тағайындалады, бірақ сертификаттау процесінің негізгі кезеңдері сертификаттау объектілері мен түрлеріне тәуелсіз түрде өзгеріссіз өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет