Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет92/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Ротаметрлік тип. Жұмыс істеу приципі – сығылған ауа тұрақты қысыммен қалқыма орналасқан, ұлғаятын конустық мөлдір (шыны) түтікшенің (1, 5.9–сурет) төменгі бөлігіне келеді. Түтікшенің жоғарғы бөлігінен ауа өлшеу түтікшесіне келтіріледі және саңылау арқылы атмосфераға шығарылады. Ауа жылдамдығына сәйкес қалқыма ұзындық бірліктерімен нөмірленген, шкаланың нөлдік белгісінен анықталған арақашықтықта h орнатылады.
Манометрлік тип. Жұмыс істеу приципі – сығылған ауа тұрақты қысыммен кіру түтікшесі орналасқан жұмыс камерасына келеді, содан соң өлшеу түтікшесіне барып, саңылау арқылы атмосфераға шығарылады. Саңылау ауданына S қатысты камерадағы қысым шкаласы ұзындық бірліктерімен нөмірленген манометрмен өлшенеді. Жоғары (30-40 КПа) және төмен (5-10 КПа) қысымдағы аспаптар қолданылады. Тұрақты жұмыс қысымында кіру түтікшесі арқылы ауа өлшеу камерасына (1) келеді (5.10-сурет), содан соң өлшеу түтікшесі (2) арқылы атмосфераға шығады. Бұл жағдайда өлшеу камерасындағы қысым өлшеу объектісі мен өлшеу басшасының арақашықтығына қатысты болады, ол манометрмен (3) өлшеніп отырылады. Бұл типтегі аспаптар активті бақылау жүйелерінде, әдетте бақылау автоматтарында пайдаланылады. Сезімтал элемент ретінде серпімді элементтерді (түтікшелі серіппелер, сильфондар, мембраналы қорапшалар және т.б.) немесе сұйықтық дифманометрлерін (U – үлгілі және кеселік) пайдаланады.
Аспаптар контактсіз (өлшеу түтекшесіндегі ауа өлшеу объектісін желдетеді) және контактілі (өлшеу түтекшесіндегі ауа өлшеу стерженінің ернемегіне бағытталған немесе екінші ұшы өлшеу обьектісімен контактіге түсетін рычагтың бір бағанына бағытталған) болады.
Аспаптардың дәлдігіне метрологиялық талдау жүргізуде пневматикалық жүйелердің дәлдігіне талдау жүргізуге ерекше көңіл бөледі. Аспаптың артықшылықтарына: салыстырмалы түрде құрылымының қарапайымдылығы, өлшенетін ауа қатарларының беттерін тазалауда контактсіз өлшеуді қолдану мүмкіндігі, өлшемінің жоғары дәлдігі, өлшемдерді, пішіннің қателіктерін анықтау мүмкіндігі, өлшенетін шамаларды есептеу және жинақтау мүмкіндігі, дистанционды өлшеу мен үздіксіз ақпараттарды алу мүмкіндігі жатқызылады. Кемшіліктері – қалыпты қысымдағы тазартылған ауаны көп көлемде қажет етуі, пневматикалық жүйенің инерциялығы, өлшеудің дәлдігіне әсер ететін өлшеу аумағындағы температураның өзгергіштігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет