Ұзындық өлшегіштер. 0-ден 100 мм-ге дейінгі абсолютті өлшеулер үшін пайдаланылады. Вертикальді ұзындық өлшегіш өлшеу объектісі қойылатын заттық столдан (1) (5.6–сурет), есептік құрылғының (5) өлшеу тілшелерінен (2) және шкалаларынан (4) бар пинолдардан (3), өлшеу күштерін реттеуге арналған шайбалардан (6) және ленталардан (7), жүктер 8 мен демпферлерден (9) тұрады. Есептік құрылғы спиральді Нониус шкаласы бойынша визуальды есебімен (ДВО типі), экранға проекцияланатын шкала бойынша визуальды есебімен (ДВЭ, ДГЭ типі), автоматты сандық есебімен болуы мүмкін. Есептің қателігі 1 мкм.
Мироненко сұлбасы бойынша ұзындық өлшегіште есептік құрылғы екі торы бар растр түрінде орындалған – ұзындық өлшегіштің пинолына бекітілген өлшеу растры (қозғалмалы), аспаптың тұрқысына орналастырылған индикаторлы растр (қозғалмайтын).
Өлшеу растрының ұзындығы өлшеу объектісінің шектеріне сәйкес келу керек, яғни өлшенетін өлшемнен қысқа болмау керек, негізінен индикаторлы растр қысқа болып келеді. Растрларды қойғанда және олардың біреуін орналастырғанда, аспап есебінің дәлдігін анықтайтын, жиілігі растр қадамымен g анықталатын жарықтық импульстер байқалады. Импульстерді есептеу үшін есептеуіш пайдаланылады.