Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет66/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

ХІV-ХV ғасырларда қалалық өмір және егіншілік дамыған өңір негізінен Оңтүстік Қазақстан жері болды. Монғолдар тыйым салған қамал қабырғалар мен бекіністер қайта қалпына келтірілді. Қалаларда қолөнер өндірісі дамыды.
Алтын Ордадағы қала өмірі XIV ғасырдың басында одан әрі өркендей түсті. Исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін қалаларда мешіттер, медреселер, сарайлар салына бастады. Діни ғимараттар мен кесенелер салу кеңінен тарайды.
Қожа Ахмет Йасауи жерленген жерге салынған сәулет кешені ХІV-ХV ғасырлардағы ең маңызды ғимарат болды. Ол Әмір Темірдің бұйрығымен Йасы (Түркістан) қаласында салынды. Кесене экономиканың қалпына келіп, қала өмірі көркеюінің айқын көрінісі саналады.



Отырардағы Арыстан-баб кесенесі (XIV ғасыр) орта ғасырлардағы белгілі сәулет ескерткіштерінің бірі болып табылады.

Қалаларда қолөнер, зергерлік, шыны жасау, тері өңдеу т.б. кәсіптер мен сауда ісінің дамуы экономикалық өмірдің өркендей бастағанын көрсетті.


Дәстүрлі шаруашылық. Көшпелі шаруашылық ХІІІ-ХV ғасырларда айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Осы кезеңде ауа райы өзгерістеріне байланысты дәстүрлі көші-қон бағыттарының ауысуы басталды. Көшпелілер малға қолайлы қыстау іздеп, Еділдің шығысынан Жетісуға қарай жылжыды.
Жетісудағы көшпелі мал шаруашылығы жергілікті тұрғындардың басты кәсібіне айналды. Егіншілік Шу және Талас өзендерінің алқаптарында сақталып қалды.



Малшылардың егінші тұрғындармен өзара сауда айырбасы оңтүстікте қалалардың өсуіне, далалы өңірлерде мал шаруашылығының дамуына игі әсер етті.

Көшпелі халықтың киімі мен баспанасында ерекше өзгерістер болған жоқ. Дәстүрлі киіз үйлер мен арба үстіндегі үйлер тұрмыста пайдаланыла берді. Алтын Орданың отырықшы аудандарында шикі кірпіштен салынған тұрғын үй кеңінен тарады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет