Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет1/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ


Жалпы білім беретін 7 (6)-сыныбына арналған оқулық


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сарапшыларымен келісілді


Авторлар: Н.С.Бакина, Н.Т.Жанақова


Алматы «Атамұра» 2017 жыл


КІРІСПЕ


Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы VI-XVII ғасырларды қамтып, негізгі үш кезеңге бөлінеді. Бірінші (VI ғасырдан XIII ғасырдың басына дейін) - Түркі кезеңі.
Бұл кезеңде түркі тілдес тайпалар бірнеше ірі мемлекеттік құрылымдар: Түрік қағанатын, Шығыс Түрік қағанатын, Батыс Түрік қағанатын құрды. Сондай-ақ Түргеш, Қарлұқ, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан және Оғыз мемлекеттерін қалыптастырды. Бұл мерзім түркі кезеңі деп аталады. Осы кезеңде қазіргі түркі халықтарының түп негізін құраған тайпалар пайда болды.
VІ-ХІІІ ғасырларда халықтардың бір-біріне белсенді түрде ықпал ету үрдісі белең алды. Ол Еуразия құрлығындағы мемлекеттердің барлығының дерлік ортағасырлық мәдениет ескерткіштерінен көрініс тапты. Осы кезеңде араб басқыншылығы түркілер өміріне елеулі өзгерістер енгізді. Араб әліпбиін енгізіп, жаңа дін - исламды орнықтырды.
Ортағасырлық түркі әлемі еуразиялық өркениетке, жалпы адамзат мәдениетіне өлшеусіз үлес қосты. Әбу Насыр әл-Фараби, Ахмет Иасауи, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни т.б. сынды ұлы ғалымдар мен ойшылдар шықты. Түркі кезеңі ерте және дамыған орта ғасырларды қамтиды.
Екінші (XIII ғасырдың басы - XV ғасырдың ортасы) - Монғол кезеңі. Бұл кезең орта ғасырларда орасан зор күйзеліске душар еткен монғол шапқыншылығымен басталды.
Қазақстан жеріне басып кірген монғол тайпалары XIV ғасырда толықтай түркіленді. Алтын Орда мен Шағатай ұлысы ыдырады. Нәтижесінде Қазақстан аумағында түркі мемлекеттері: Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы құрылды.
ХIV-ХV ғасырларда түркі тілдес тайпалардан құралған қазақ халқының қалыптасу үрдісі аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет