Мәдениет тарихыхалықтардың қалай өмір сүргендігі, наным-сенімі, қандай мұра қалдырғандығы туралы мағлұмат береді.
Мәдениет тарихы нені зерттейді?
Орта ғасырлар дәуірінде Қазақстан аумағы арқылы дүниежүзілік сауда жолдары өтті. Қазақ даласы әлемдік діндер мен тіл, нәсілдердің «тоғысу алаңына» айналды. Қазақстан бүкіл Еуразия құрлығының тағдырында маңызды рөл атқарды.
Бүкіл адамзат тарихында көшпелілер отырықшылармен тығыз байланыс орнатты. Дала аймағы қалалар мен отырықшы өмірдің маңызды бөлігі болды. Отырықшы және көшпелі тайпалардың өзара тығыз ықпалдастығы қазақ халқы мәдениетінің ерекшеліктерін айқындады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2014 жылғы Жолдауында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жария етті. Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрі негізінде тарихи сананы қалыптас- тыру «Мәңгілік Ел» идеясынан көрініс тапты.
Құрметті оқушылар! Кіріспені оқу барысында «Түркі елі» мен «Қазақ елі» ұғымының, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің орта ғасыр дәуірінде қалыптасқанынан мағлұмат алдыңдар.
Түрік қағанатының құрылуы. Қытай деректері бойынша түркілер алғашында Қытай шегарасының батысында, Алтай тауларының етегінде өмір сүрді. Кейін түрік тайпаларының көсемі Бумынныңбасшылығымен иеліктерін Хуанхэ жағалауларына дейін кеңейтті. Батыс Қытай билеушісі жақын қоныстанған түркілер жайлы дерек жинай бастайды. Бұл деректер түрік тарихының ерте кезеңі туралы негізгі білім көзіне айналды. Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы мәліметтер 542 жылдан бастап кездеседі. Түркілер жужан қағанынасалықты темір түрінде төлеген.