Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


§ 2. Батыс Түрік (603-704 жылдар) және Шығыс Түрік (682-744 жылдар) қағанаттары



бет7/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А

§ 2. Батыс Түрік (603-704 жылдар) және Шығыс Түрік (682-744 жылдар) қағанаттары

Біртүтас Түрік қағанатының құлдырауы негізінде жаңа түркі мемлекеттері қалыптасты. Осы мемлекеттер шеңберінде көне түркі халықтары одан әрі дамып, айналасындағы тайпаларға ықпал ете бастады.





Батыс түркілердің өз мемлекетін құруының саяси себебі - қаған әулеттерінің дербес билікке ұмтылуында еді. Ал экономикалық себебі әр өлкенің шаруашылық ерекшелігінен туындады.



Халқы және мемлекеттік құрылымы. Батыс Түрік қағанатында түркілер халықтың аз бөлігін құрады. Осыған байланысты түркілер жергілікті халықпен араласып кетуі немесе оларды жергілікті тайпалар ығыстырып жіберуі мүмкін еді. Алайда жағдай басқаша сипатта өрбіді. Жаулап алынған көшпелілер де, сондай-ақ Жетісудан Қара теңізге дейін отырықшы түрғындар да түркілерге бағынды. Осылайша, түркілер үстемдікке ие болып шықты.
Қағанат халқы «он оқ тайпа одағына» (он оқ елі) бірікті. Әр «оқ», яғни тайпа бір түмен, қолбасы басқарған он мың әскер шығарды және әр оқтың өз әскери жалауы болды.
Иштеми қаған Қытай деректерінің бірінде 100 мың адамдық әскері бар «он тайпа қағаны» аталды. Л.Н. Гумилев жазғандай, Иштеми өлгеннен кейін билікке Тардуш келді. Оның тұсында Батыс Түрік қағанаты түпкілікті жеке мемлекетке айналды.
Қағанаттың негізі (он тайпа) Қаратау тауларынан Жоңгарияға дейінгі жерлерді алып жатты. Батыс Түрік қағанаты шығысында Алтай тауынан, солтүстік-батысында Каспий теңізіне дейінгі кең-байтақ аумақты өзіне қаратты. Тардуш (Дато) қаған кезінде Батыс Түрік қағанаты күшейді. Дулу және нушеби қағанаттың үстем тайпалары болды. Қағанатта қаған ұлы әмірші, билеуші, әскери қолбасшы және барлық жердің иесі саналды.



Қағанаттың аумақтық өзегі Жетісуда қаланды. Себебі мүнда барлық керуен жолдары түйісті, бай қалалар орналасты. Қауіпсіз аумақ саналып, жергілікті тайпалармен тұрақты қарым-қатынас орнады.

Қағанаттағы ябғу, шад және елтебер сияқты жоғары лауазымдар қаған әулетіне тиесілі еді. Сот қызметін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың негізгі халқын ерікті малшылар қауымы (қара бұдун) құрады. Түркілер отырықшы бағынышты халықты тат, яғни тәуелді алым-салық төлеушілер деп атады.


Сыртқы және ішкі саясаты. Түркі қағандары жаулап алынған жерлерде бұрыннан бар тәртіпті өзгерткен жоқ. Түркілер өздерінің билігін бекітіп, салық алумен шектелді.



Батыс Түрік қағанаты VII ғасырдың бірінші жартысында, Шегу мен Тон-ябғу қағандар тұсында өркендеді. Бұл кезең тұрақты да сәтті әскери жорықтармен, қағанат экономикасының дамуымен ерекшеленді.

Қағанның қысқы ордасы Шу өзені алқабындағы ірі сауда, қолөнер орталығы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Испиджаб маңындағы Мыңбұлақта (Түркістан қаласының маңы) орналасты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет