Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет3/115
Дата30.03.2023
өлшемі8,16 Mb.
#173366
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115
Байланысты:
Тест С , 05e95264-f230-4bd0-8ad7-e4f7ced70d82-5, 05e95264-f230-4bd0-8ad7-e4f7ced70d82-3
4
1.1
Компьютерлік жад және ақпараттың өлшем бірліктері
І бөлім
Ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірлігіне қалай 
ауыстыруға болады? 
Ақпараттың өлшем бірліктері
Ақпарат адам өмірінде қандай рөл атқарады?
Күнделікті өмірде жиі қолданылатын қандай шамаларды
(масса, уақыт, ұзындық т.б.) білесің?
Не үшін ақпаратты өлшей білу маңызды?
ақпараттың бірлігі – единица информации – unit of information
ақпаратты тасымалдау жылдамдығы – скорость передачи 
информации – information transfer rate
Ақпаратты сақтау мен тасымалдауда оның өлшемін білу өте ма-
ңызды. Біз мәтін жазу үшін әріпті, музыка жазу үшін нотаны, санды 
жазу үшін цифрды қолданамыз. 
Компьютер
– электрондық есептеуіш 
мәшине болғандықтан, оның «миы» әріпті, нотаны немесе санды 
тікелей қабылдамайды. Ол ақпаратты тек электр сигналдары түрінде 
қабылдап, түсінеді. Компьютердің «миы» ақпаратты өңдеуі үшін, 
әрбір әріп, әрбір таңбаны сигнал түріне аудару керек. Компьютердің 
«миына» жіберілген сигнал бар болса 1, ал жоқ болса 0 цифрымен
өрнектеледі. «Нөл» немесе «бір» сигналы 
бит
деп аталады. 
Бит 
0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдайды. Ақпаратты 
0 немесе 1 цифрларының көмегімен кодтау (екілік кодтау), өңдеу, 
сақтау және тасымалдау компьютер жұмысын мейлінше жеңілде-
теді. Компьютердің жадында ақпараттың барлық түрі – сөздер, 
сандар, суреттер мен компьютер жұмысын басқару программала-
ры – екілік сан 0 және 1 тізбегі түрінде жазылып, сақталады. 
Бит
(ағыл. 
binary digit
) – ақпараттың екілік бірлігі. 
Ол – ақпаратты өлшеудің ең кіші бірлігі.
Ақпараттың екілік бірлігімен
жұмыс істеу жүйесінің 
қарапайымдылығы осы жүйенің есептеу техникасының кең 
таралуына себеп болады. Ақпаратты өлшеудің келесі өлшем 
бірлігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет