61
Число
(Сан) бөлімінде ұяшықты алдын ала сан,
ақша, қаржы, мерзім, уақыт, процент, бөлшек
және мәтіндік деректерге арнап қоюға бола-
ды. Деректер типін көрсете отырып, суретте
көрсетілгендей әртүрлі форматтағы сандарды
жазамыз. Ұяшыққа қандай сан жазсақ та, ол
өзінің бастапқы форматын сақтайды. Мыса-
лы, ұяшыққа мерзім бастапқы формат ретінде
қойылып, оған басқа дерек жазсақ та, ол бізге
мерзім түрінде көрінеді.
Выравнивание
(Туралау, теңестіру) бөлімі ұя-
шықтағы деректерді оңға, ортаға, сол жаққа,
еніне, жоғары және төмен қарай туралай-
ды. Сонымен қатар мәтінді тасымалдауға,
ұяшықтарды біріктіруге, ұяшықтың бағытын
өзгертуге, теңестіруге мүмкіндік береді.
Шрифт
(Қаріп) бөлімінде ұяшықтағы дерек-
тердің түсін өзгертуге, сандарды дәреже мен
индекс түрінде жазуға, сызуға немесе өлшемін
өзгертуге болады.
Граница
(Шегара, жиек) бөлімінде ұяшық-
ты шегаралау арқылы кесте жасай аламыз.
Егер шегаралар қойылмаса, принтерден шы-
ғарғанда ұяшықтардың шегаралары көрінбей
қалады. Ұяшықтарға қойылған шегара түсін
өзгертіп, шегараны алып тастауға да болады.
Достарыңызбен бөлісу: