Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет70/115
Дата30.03.2023
өлшемі8,16 Mb.
#173366
түріКнига
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   115
107
106
Файлды оқу немесе оған деректер енгізу үшін, алдымен оны ашу 
керек. Жұмыс аяқталған соң файлға қатысты ресурстарды босату 
үшін, оны жабамыз. 
Python-да файлдармен жүргізілетін амалдар төмендегідей ретпен 
орындалады:
1. Файлды ашу.
2. Оқу немесе жазу.
3. Файлды жабу.
Python-да файлдардың екі типін қарастыруға болады.
1. Белгісіз ұзындықтағы мәтіндік файлдар. Бұл файлдарда мәтін-
дер сақталады.
2. Екілік (бинарлық) файлдар. Бұл типтегі файлдарда суреттер, 
дыбыстар, бейнелердің (видео) екілік кодтары сақталады.
Файлды жасау мен ашу
Python-да файл жасауды қарастырайық. Мысалы, мәтіндік файл 
жасау керек болса, онда оны екі түрлі жолмен жасайды:
1. Төменгі сыныптарда үйренген әдіспен (тінтуірдің көмегімен 
контекстік мәзір арқылы... Python орналасқан бумаға 
*.txt
типін- 
дегі файлды жасайды. 
2. Python-дағы 
open ()
функциясының көмегімен автоматты түр-
де жасауға болады. Ол үшін 
open ()
функциясында файлдың атауы 
мен файлды өңдеу параметрін көрсету керек. 
Төмендегі программа кодында 
file
айнымалысы жаңа мәтіндік 
файлға сілтеме жасалғанын көрсетіп тұр. Программаны іске қосқан-
да осы программа сақталған бумада 
test.txt
мәтіндік файлы пайда
болады.
file = open(«test.txt», «w»)
file.close()
Егер 
test.txt
файлы бумада алдын ала жасалған болса, онда про-
грамма жаңа файл жасамайды, бұрынғы жасалғанымен жұмыс істей 
береді. 
Open ()
функциясының екі маңызды параметрі бар. Оларға 
файл атауы мен функцияның жұмыс режімі кіреді 
(1-кесте).
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет