103
3) негізгі деректер
4) электрондық кестенің барлық дерегі
19.
Excel программасының жұмыс парағындағы бағанның
дұрыс белгіленуі
1) AB
2) A12
3) 21
4) FAS
20. Excel программасының жұмыс парағындағы жолдың дұрыс
белгіленуі
1) A1
2) 18
3) 21A
4) DD
21. Excel программасындағы ұяшықтың дұрыс мекенжайын
көрсет
1) B1
2) «A10000
3) #A10
4) И99
22.
Excel программасындағы ұяшыққа қандай деректерді
енгізуге болады?
1) сан
2) мәтін
3) өрнек
4) аталғандардың бәрін
23. Excel ұяшықтарына форматтаудың қандай түрін қолдануға
болады?
1) безендіру мен бояу
2) мәтінді туралау және қаріп пішімі
3) деректер типі, ені және биіктігі
4)
нұсқалардың бәрі дұрыс
24. Электрондық кестедегі 30 ұяшығы бар аумақты көрсетіп тұр
1) C1:R9
2) E2:G11
3) A15:D20
4) C4:F9
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
105
104
4.1
Python тіліндегі алгоритмдерді программалау
ІV бөлім
Python-да программалау кезінде деректерді қалай енгіздің?
Есіңе түсір.
Программаны орындау кезінде айнымалылардың
мәндерін енгізудің
тағы қандай әдістерін білесің?
Программаның деректерді файлдан оқу арқылы өңдеуінің қандай
тиімді жақтары бар?
Файлдармен жұмыс
Python программалау тіліндегі деректерді файлдан қалай оқимыз
және қалай жазамыз?
файл құру және ашу – создать и открыть файл – create and
open a fi le
файлды жабу – закрыть файл – close a fi le
Кез келген программалау тілінде құрастырылған
программа
маңызды «үш тіректен» тұрады. Бұл тіректерге деректерді енгізу,
өңдеу және нәтижені шығару жатады. 6-сыныпта деректерді про-
граммаға енгізуді пернетақта арқылы орындадық. Ал программаның
өңдеген нәтижесін компьютер экранына шығардық. Көп жағдайда
деректерді программаға пернетақта арқылы енгізу тиімсіз болып са-
налады. Мысалы, өзіміз тұратын қаладағы абоненттің аты-жөні мен
телефон нөмірлері жазылған электрондық «телефон анықтамалығын»
жасауды жоспарладық делік. Мұндай телефон анықтамалығындағы
жазбалар кем дегенде 500 телефон нөмірінен тұрады. Міне,
осындай
жағдайда абоненттің аты-жөні мен оның телефон нөмірін мәтіндік
файлға сақтап алған дұрыс. Ал құрастырған программамыздың
көмегімен кез келген уақытта осы файлды ашып, қажетті абоненттің
телефонын жылдам таба аламыз.
Python-да жасалған программа көмегімен
файлдағы деректерді
оқуға, оны өңдеп экранға немесе басқа файлға жазуға болады. Бұл
тілдің негізгі функциялары файлдардан деректерді оқуды, жазуды
жеңілдетеді. Енді осы файлды өңдеу функцияларымен танысайық.
Файл
– деректерді тұрақты жадта (мысалы, қатқыл дискіде)
ұзақ уақыт сақтауға арналған дискінің атау берілген аймағы.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.COM
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217