85
Базалық роботқа «қолды» біріктірген соң, ол адам-
ның кейбір функцияларын толық орындайтын роботқа
айналды. Енді осы роботқа программа құрудан бұрын,
оның орындайтын жұмысын анықтап алуымыз керек. Ол
үшін өзіміз күнделікті көріп жүрген адам немесе жануар-
дың қызметін көз алдымызға елестетейік. Мысалы, бұл
роботқа «Елгезек» деп ат қояйық. Роботқа осындай ат бер-
сек, онда сол атқа лайық қызмет атқаратын алгоритм құру
оңай болады. Робот қолыңдағы затыңды алып, басқа жер-
ге апаратын болсын. Енді осы тіл алғыш әрі жылдам робот-
тың сөзбен сипатталған алгоритмін құру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: