Оқулық Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет62/74
Дата10.12.2023
өлшемі9,67 Mb.
#196187
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74
Байланысты:
24194 448605 09

П
 
БА
СП
АС
Ы
126
келе жатқан аюдың мойнына ілінерліктей етіп тұзақ құр-
ды. Жіптің екінші ұшына үлкен дөңбек байлады.
Құланиектеніп таң бозара бастағанда үйдің төбесінде 
күзетте отырған Ахаң мен Оспанның құлағына сыбдыр 
шалынды. 
– Осы келе жатқан – күткен қонағымыз болар, – деді Ахаң. 
сыбдыр анық естіле бастады. Бір кезде салдыр-гүлдір 
дыбыс шықты да аюдың ақырған даусы естілді.
– тұзаққа ілінді, – деді Ахаң. 
ызаланған аю секіріп барып, соңынан қалмай жүрген 
дөңбек томарды құшақтай алып, лақтырып жіберді. Ауыр 
дөңбек мойнындағы тұзақ ты жұла тартып, аюдың өзін 
қалпақтай ұшырды. Аю атып тұрып, дөңбекке өшіге ұм-
тылып, тағы да лақтырды. Өзі де мұрттай ұшты.
Аюдың ісіне Оспанның ішек-сілесі қатты. Аю қатты 
ақырды. Дөңбекті тырналады да құшақтай көтеріп алып, 
талтаңдай жөнелді...
– Дөңбекті суға тастап, пәледен құтылмақ болып бара-
ды, – деді Ахаң.
Құсақ өзенінің бұл тұстағы ағыны қатты, жағасы тік. Аю 
дөңбекті суға атып жібергенде өзі де бірге құлап түсті. су 
ағызған аюды тұзақ буындырып, жағаға шығуға ерік бер-
мейді. Аю жағаға тартса, дөңбек ағыс бойымен төмен тар-
тады. Аю судан шығып тұрған бір жұмыр тасқа жармасты. 
Бірақ күшті ағысқа түскен дөңбек тұзақты жұлқи тартқанда 
жылтыр тастан аюдың табаны тайып кетті. Бір тасқа тағы 
жармасты. төрттағандап, тастың өр жағында тырмысып 
тұр. Ағын жұлқыған дөңбек аюды мойнынан қылғындыра 
тартады.
Гүрс ете түскен мылтық даусы төңіректі селт еткізді. 
Домбыраның ішегіндей керіліп тұрған арқанды оқ қиып 
өтті. Дөңбек көбікке көміліп, ағып кете барды. 
мылтық даусынан шошыған аю байлаудан боса-
нысымен, арғы жаққа шықты да қорбаңдап қаша жөнелді. 
соңынан қарап тұрған Ахаң:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет