түсініп оқы
дуадақ
Шілде айының басталған кезі. Аспан айналып жерге
түскендей...
Жеңіл мәшинедеміз. Даңғыл дала жолының екі жағы
қаптаған шөпшілер.
Біз елсіз қырға шықтық. Ақ селеудің арасынан шөл
еркесі, сескенуді білмейтін алып дуадақты көрдік. «мен
атамын, мен атамын!» – деп таласып қалдық. Ортамыздағы
агроном Бектемір:
– Атпаңдар, бізден үрікпеуіне қарағанда, бұл дуадақтың
осы маңда балапаны бар. Обалына қалмаңдар! – деп бәйек
болды.
кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалаймын.
Шығармашылық жұмыс жасаймын.
72
АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
БА
СП
АС
Ы
122
Шынында да, дуадақ бізден қорыққан жоқ. Қанатын
біраз сермеді де мәшинеден түскен бізге қарап отыра бер-
ді. Жүргізуші Қалбай екеуіміз балапан іздеп, төңіректі тінте
бастадық. Бізден көз алмай отырған дуадақ бір сәт қана-
тын қомдап, ызбарлы үнмен ысылдап, өзімізге қарай тұра
жүгірді. Қалбай екеуі бір-біріне айбат шегіп, жағаласа кет-
келі тұрған тентектей арбаса қалды.
мен Қалбайдың қасына келсем, аяғының астынан екі
метрдей жерде шөптің арасында үлпілдеген сары көдеге
ұқсаған балапан жатыр екен. Қыбыр етер емес.
... Дуадақ маған айбат шеге бастағанда Қалбай бала-
панды жерден көтеріп алып, қос уысында ұстап, ана дуа-
даққа қарады. Қас қаққандай болған жоқ, маған қарсы
ысылдап тұрған дуадақ сәуледей жалт етті де шегіне беріп,
оңға қарай атылды. Ол Қалбайдың қолындағы балапанды
топшысымен қағып түсіргенде кішкентай сарыауыз зыр
қағып жүгіре жөнелді. Қалбай балапанды қуып барады, мен
дуадақтың алдын қаумалап келемін. талас көпке созылған
жоқ – Қалбай балапанды ұстап алып, мәшинеге беттеді.
мекиен дуадақ ысылын үдетіп, бірнеше рет көтеріле ұм-
тылып, баласын алып қалуға әрекет етті.
Бектемір екеуіміз: «Балапанды жіберу керек, обал, ана
байғұсқа қиянат етіп қайтеміз?!» – деп көріп едік, Қалбай
көнбеді. Ілгері жүріп кеттік.
|