Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет150/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

§ 2. Феноменология
Дүниетаным мәселелерімен айналысқан XX ғ. келесі ағым -феноменология. Негізін қалаған Әдмунд Гуссерль (1859-1938 жж.). Ойшыл өзінің еңбектерінде «Заттардың өзіне қарай!»деген ұран тастады, өйткені сол кездегі И.Канттың ізбасарлары ғылыми таным жолында шындықты ұғымдар арқылы құруға болады деген көзқараста болды. Екінші жағынан, ол неопозитивистердің шындықтың сезімдік деректердің негізінде «тікелей берілгені» жөніндегі қағидасына қарсы бағытталған болатын.
Өз заманындағы таным теорияларын сынға алғанда Ә.Гуссерль тағы да келесі екі ұғымды бір-біріне қарсы қояды. Олар білім мен пікір. Еуропалық мәдениеттің дағдарысы - осы ұғымдардың айырмашылығын елемегенінде. Пікір дегеніміз бұлдыр, айқын емес білім, ол - жеке мүдденің шеңберімен шектелген таным. Оған ол қарсы ұғым ретінде «теория» деген грек сөзін қояды, ал оның алғашқы мағынасы - бимүдделі аңлау. «Тек қана теорияға бағышталған философия дүниенің универсалдық көкжиегін көре алады», -деп қорытады Ә. Гуссерль.
Ойшылдың өз алдына қойған негізгі мақсаты - сананы тазарту, оның адамзат тәжірибесі, тарихи процестен тыс өмір сүретін алғашқы құрылымын анықтау болып табылады. Гуссерльдің феномені - ол бұрынғы классикалық философиядағы басқа терең жатқанды көрсететін сезімдік тәжірибе арқылы берілетін құбылыс емес, ол - өз-өзін ашатын, табатын, тікелей санаға айқын көрінетіннің бәрі. Феноменология — айқындығы тікелей интуиция арқылы көрінетін идеалдық мән-мағынаны зерттейтін ілім. Санадағы феномендер адамға тіл арқылы беріледі. Сонымен қатар оған адамның жан дүниесіндегі тебіреністер, сана арқылы ойланатын заттың мән-мағынасы т.с.с. бәрі де жатады.
Таза сананың іргетасты ерекшелігі—оның интенционалдығы яғни бірдеңеге әрқашанда бағытталғаны, соның санасы. Қабылдау, еске сақтау, қиялдау, еске түсіру, тілеу, ой формалары т.с.с. бәрінің де заттық мазмұны бар. Интенционалдық сананың құрамдас бөліктерін неше түрлі мән-мағнаға толықтырады.
Өзінің іс-әрекетінде адам аңқаулық көрсетіп, өзінің заттарға қалайша мән-мағына бергенін байқамай қалады да, оларды санадан тәуелсіз өмір сүріп жатқан (объективті) өзіндік танылатын қасиеттері бар кұбылыстар ретінде қарайды. Ал, шынына келгенде,санадан тыс өмір сүретіннің бәрін жақшадан сыртқа шығаруымыз керек, өйткені санада объект пен субъект бір-біріне өтіп, ажырамайтын феноменге айналады. Адам сана арқылы заттарды қабылдап, оларға белгілі бір мағына беріп, сол арқылы олармен қарым-қатынасқа тұседі. Бұл арада, бір жағынан, дүниетануға бағытталғаң іс-әрекет - ноэзис бар, екінші жағынан, осы таным процесінде ашылған мазмұн - ноэма бар.
Ә.Гуссерльдің ойынша, барлық ғылымның, жалпы дүниетанымның негізінде «өмірлік дүние» жатыр. Ол - «барлық адамдарға мәлім», «тікелей анық», «адамның көзі жеткен», өмірде кең қолданылатын, ол жөнінде адамдар көп ойланбайтын нәрселер. Сондықтан «өмірлік дүние» бүкіл адамның дүниетаным негізінде жатыр. Ол «алдын ала берілген көкжиек», адамның прақтикалық іс-әрекетінің шынайылығы мен мүмкіндіктерін көрсетеді. Ол қайсыбір ғылым саласынан бұрын пайда болған, сондықтан барлық адамның тәжірибе мүмкіндіктерінің, дүниетанымының алғышартын құрайды. ұғымдың сараптау арқылы жүретін ғылыми таным - әрқашанда шектелген, толық емес, ал «өмірлік дүние» - әрқашанда айқын, сондықтан оның мәртебесі анағүрлым жоғары.
«Өмірлік дүние» неше түрлі мән-мағынаға толы, солар арқылы біз заттарды танып, оларға мән-мағына береміз. Бірақ адамдардың көпшілігі дүниедегі санадан тыс өмір сүріп жатқан заттарды танып-біліп жатырмыз деп ойлайды. Ал, шынына келгенде, адам «өмірлік дүниеден» шығатын мән-мағынаны заттарға таңады. Сондықтан феноменология осы неше түрлі мән-мағыналар санадан қалай пайда болатынын зерттейді. Ол үшін сананың алғашқы негізінде жатқан таза формаларын зерттеу қажет. Оған жету үшін Ә.Гуссерль «эпохе» әдісін қолданады. «Эпохе» дегеніміз - феноменологиялық редукция (қысқарту) арқылы заттардың кеңістік пен уақыттын шеңберіндегі барлық өмірдегі байланыстарын «жақшаға алу». «сөндіру» кұралы. Осының арқасында, заттың «эйдосы», яғни таза идеясы, мәні ғана қалады да, ол таза санаға ашылады.
Сонымен таза сананы ашқанда, біз одан «Абсолюттік Менді» (субъективтік ағымды) табамыз. Дүниедегі адамның іс-әрекетке тұсетін барлық заттары мен кұбылыстарына сана мән-мағына береді екен. Олай болса, санадан тыс өмір сүріп жатқан объективтік шындық жоқ. Ал сана өзін-өзі арқылы тұсініп, өзін феномен ретінде қарайды. Ә.Гуссерльдің феноменологиясы XX ғ. кеп ағымдарға өз ықпалын тигізді. Әсіресе, герменевтика мен экзистенциализмге. Енді сол бағыттарды талдауға көшейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет