Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет148/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы
150235, КУЕПВВПКВПКПВККВПКПКПКВВК, КУЕПВВПКВПКПВККВПКПКПКВВК, 2 сынып КТЖ, №1. Дәріс. Антенат.аур.Гипотрофия, №1. Дәріс. Антенат.аур.Гипотрофия, Задание по теме №3, 5 - практикалық сабақ АгрАгрономия негіздері инженерия, 5 - практикалық сабақ АгрАгрономия негіздері инженерия, 6-Тақырып практика каз, аргын, Занятия №4 вопросы, МВР реферат, 3 лабораториялық жұмыс, лабка3

§ 1. Неопозитивизм ағымы


Неопозитивизм (нео - латын сөзі, оң, дұрыс деген мағына береді) - батыс философиясының шеңберінде қазіргі шлымның дамуының барысында пайда болған философиялық-танымдық мәселелерді халдап шешуге бағьпталған ағым. Оның түп-тамыры позитивизмнің негізін қалаған француз ойшысы Огюст Конттың (1789-1857жж.) шығармаларына барып тіреледі. Сондықтан, ең алдымен позитивизмнің негізгі қағидаларына тоқталу қажет.
Егер неміс классиқалық философиясында пайда болған панлогистік көзқарасқа Шопенгауер ерікті, ал Кьеркогер жеке адамның тебіреністерін қарсы қойса, Конт оған қарсы ғылыми деректерге негізделген қағидаларды қарсы қоюға тырысады. Конттың ойынша, ғылым—белгілі бір абстракциялық негізден шығарылатын білім жүйесі, ал тарих философиясы рухтың дүниеге келіп, дамуын суреттейтін ілім ғана емес. Ғылымның негізінде дүниеде белгілі бір тәртіп пен өрлеу барлығын көрсететің тәжірибелік байқаудың негізінде алынған ғылыми деректер және соларды теоретикалық деңгейге көтеріп талдау іс-әрекеті жатыр.
Конт адамзат ой-өрісі өзінің даму тарихында 3 сатыдан өтті деген пікірге келеді. Олар: 1. теологиялық (жалғандық) саты - көне заманнан XIV ғ. дейін; 2. метафизикалық саты - ХІҮ-ХҮШ ғғ; 3. по-зитивтік саты - XIX ғ. бастап пайда болады.«Теологиялық сатыда өмір әлі ғылыми деректерге негізделген жоқ, өмірдегі барлық құбылыстар Құдайдың құдіретті күштері арқылы түсіндіріледі. Метафизиқалық сатыда адам зердесінің дамуының негізінде барлық бұрынғы көзқарастар сыналып, терістеле бастайды, барлығына деген күмәндану, сенбеушілік пайда болады. Өмірді түсіндіру жолында абстрактілік алғашқы негіздерді іздеу басталады (материя, идея форма, рух т.с.с.) Үшінші позитивтік сатыда - өндіріске негізделген қоғам пайда болып, альтруизм (өзінен гөрі басқаның қамын ойлау) эгоизмді (езімшіл-дік) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мүмкіндігі пайда болды», - деп қорытады О.Конт.
Жоғарыдағы көрсетілген ойларға сәйкес, Конт ғылымды сала-салаларға бөлу мәселелерімен айналысып, біршама жетістіктерге жетеді. Оның ойынша, ғылым - тарихи ғасырдан-ғасырға дамып, тұрпайылықтан өтіп, күрделеніп жатқан құбылыс. Әрбір жаңа пайда болған ғылым саласы өзінің қажетті алғышарты ретінде өткен сатыға негізделеді. Бірақ өткен сатының негізінде жаңа пайда болған ғылымды толығынан түсінуге болмайды, оның өзіндік заңдылықтары пайда болады. Конт «тарихи күрделену» анықтамасына негіздей отырып, ғылым салаларын былайша орналастырады: математиқа - астрономия - физиқа химия - биология - социология. Осы тәртіпке сәйкес социология биология ғылымына негізделгенмен, бірақ, адамдардың өзара іс-әрекет етуімен байланысты жаңа заңдылықтарға ие болады. Социология ғылымының негізгі мақсатын ол тәртіп пен өрлеуді бір-бірімен ұштастыру қажеттіктерінен шығарады. Ал ол үшін бүкіл адамзатты біріктіретін жана дін қажет. Ескі дүниежүзілік діндер бір-бірімен күресіп, адамзатты қайшылықтарға әкелді және олардың қағидаларының көбі - жалған. Олай болса, жаңа ағарган дін қажет - ол қазіргі өмір сүріп жатқан, бұрыңғы тарихта болған және болашақта дүниеге келетін адамдардан тұратын адамзаттын өзі. Сондықтан ол адамзатқа Құдай ретінде қарап табынуға шақырды.
Конттың бұл соңғы ойын өз уақытындағы замандастары теріс қабылдағанмен, бүгінгі таңдағы адамзатқа өте өзекті мәселеге айналуда. Өйткені бүгінгі таңдағы адамзат «адамның мән-мағыналық дағдарысына» келіп тірелуде. Бүкіл адамзаттың басын біріктіретін терең рухани-адамгершілік мағынасы бар жаңа дін - аса қажетті де тағдырлы нәрсе. Бірақ, ол, біздің ойымызша, Конттың айтқан адамзаты емес, өйткені дүниеде сол адамның өзін тудырған біздін арғы анамыз «Ұлы мәртебелі Табиғат» бар. Оған табыну -алғашқы қауымдық қоғамда пайда болған болатын. Шамасы, алғашқы адамдар ақиқаттан онша алшақ болмаса керек. Көшпенді өмір салтын ұстаған біздің ата-бабаларымыз да Табиғатқа, Тәңірге сенгенін біз жақсы білеміз. Мыңдаған жылдардағы өткен цивилизацияның жетістіктеріне, өмірден алған тәжірибеге сүйене отырып, жаңа дәрежеде табиғатты аялауға, оған табынуға, оны дін тұтуға қайта оралып қана, адамзат өзінің өмірін сақтап қалуға мүмкіншілік алар ма екен деген сұрақ оқтын-оқтын ойымызға келеді.
XX ғ. басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар (радиоактивті сәулелер, электрон т.с.с.) осы уақытқа дейінгі беделді механистік классикалық физиканың негізгі қағидаларына үлкен сокқы жасады. Электрон бөлшегінің тұрақты салмағының жоқтығы ғалымдарды таңғалдырды. Франция елінің сол кездегі ірі математик-ғалымы А.Пуанкаре: «Олай болса материя жойылды», -деген пікірге келді. А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясындағы кеңістік пен уақыттың бір-біріне өтіп, біртұтастық дәрежеге келуін қалай түсінуге болады? Мұндай сұрақтарды жалғастыруға болар еді. Бұл сұрақтарға жауап беру жолында позитивизмнің екінші сатысы дүниеге келеді. Оның аты «эмпириокритицизм», яғни тәжірибені сынға алу деген мағына береді. Негізгі өкілдері - Эрнст Мах (1838-1916 жж.), Рихард Авенариус (1843-1896 жж.) т.с.с.
Жоғарыда көрсетілген жаратылыстанудағы қиындықтар бұл ағымда «тәжірибе» дсген ұғымды қайта қарауға әкеледі. Олардын ойынша, бұл ұғым материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қарама-қарсылығын жояды. Тәжірибенің құрамдас бөліктерін алып қарасақ, онын физикалық және психикалық элементтерден тұратынын байқаймыз, Егер біріншісі - сыртқы тәжірибенің мазмұнын көрсететін болса, екіншісі - ішкіні көрсетеді. Ал элемент дегеніміздің өзі, нақтылай келгенде, адамның түйсіктері болып шықты. Олай болса, олар субъектісіз объект жоқ, объектісіз субъект жоқ деген пікірге келеді. Мұны олар танымдағы «принципиалдық сәйкестік» деп атады. Әрине, субъект, яғни танымдық қабілеті бар адам бар жерде - объект, яғни танылатын айнад қоршаған дуние бар. Нағыз ақиқаттың өзі адамның жан дүниесіңе,өтіп, оның неше турлі тебіреністерін туғызып, адамның осы дүниені телегей-теңіз ретінде қараса, соның бір тамшысы ретіңде сезінгенде ғана пайда болса керек. Сонынен қатар танымның будда жақтарын абсолюттеп шегіне жеткізсек, әрине, субъективтік идеализм жолына түсіп кетуге әбден болады. Сондықтан марксизмде мұндай көзқарас уақытында сынға алынған болатын.
Эмпириокритицизмнің негізгі қағидаларының бірі - «ойлаудын тиімділігі» мен ғылымда тек суреттеу идеалына жету. «Ойлау тиімділігін олар организмнің өз-өзін сақтау үшін биологиялық қажеттіктерді өтеу жолындағы бейімделуінен шығарады. Ғылымдағы ойлау тиімділігі «субстанция», «себептілік», «алғашқы негіз» т.с.с. мазмұнсыз категориялардан бас тартуды қажет етеді», -дейді олар. Олардың орнына ғылымдағы ашылған элементтердің өзара байланыстарын суреттесе болғаны. Сол кездегі ғылымдағы ашылған күрделі жаңалықтарға философиялық-методологиялық тұрғыдан түсінік бере алмаса да, олар XX ғ. басында басталған ғылыми төңкеріске ғылыми қауымдастықтың көңілін аударды.
Енді, міне, біз XX ғ. 20-шы жылдарында пайда болған позитивизмнің үшінші сатысы - неопозитивизмнің өзіне келіп тірелдік. Негізгі өкілдері - Мориц Шлик (1882-1936 жж.), Рудольф Карнап (1891-1970 жж.), Людвиг Витгенштейн (1889-1951 жж.), Бертран Рассел (1872-1970 жж.) т.с.с.
Неопозитивизм өкілдері белгілі бір толыққанды философиялық мектепті, ағынды құрмайды. Жалпы алғанда, ол философияның жеке ғылымдармен салыстырғандағы ерекше дүниеге деген көзқарастық-методологиялық маңызы бар пән екендігін мойындамайтын әртүрлі кішігірім ағымдардың жиынтығы десек те болады. Олардың ойынша, бұрынғы философия метафизиканың тартпалы батпағына батып, жалған тексерілмейтін ұғымдардын ішінен шыға алмай қалды. мысалы, Б.Рассел тек қана сезімдік деректердің шынтуайттығын мойындайды. Объективті дүниенін өмір сүруін мойындағанмен, ол оның негізін тек қана сенімге негіздейді, оны ғылыми жолмен дәлелдеу мүмкін емес. Сонымен қатар Б.Рассел эмпириокритицизмдегі сезімдік тәжірибені асыра түсінуді қолдамай, оны математиқалық логиқа тұрғысынан толықтыру керек деген пікір айтты. Олай болса, философия дегеніміз тәжірибеден алынған негізгі қағидаларды логиқалық талдаудан өткізіп қорытатын пәнге айналады. Осы логиқалық позитивизмнің келесі өкілін Р.Карнапты алатын болсақ, ол схематикалық логиқа арқылы білімдегі негізгі ұғымдардың мазмұнын, мән-мағынасын тексеруге шақырды. Ал оның негізгі құралы - верификация принципі. Тікелей верификацияға келер болсақ, ол ғылымдағы белгілі бір қағидалардың өмірдегі тәжірибеге сәйкес-тігін анықтау болып табылады. Ал дамыған теориялардағы қағидаларға келер болсақ, оларды тек жанама түрде верификациялауға болады. Ол үшін сол теорияның негізінде жатқан элементарлық, атомарлық, протоколдық сөйлемдерге шейін жетіп, оларды өмірдегі сезімдік тәжірибеден шығатын деректермен салыстырып тексеру қажет. Әрине, мұндай жұмыстар философия саласында істелуі керек. Олар бұл салада көп жұмыстарды атқарды. Бірақ қоғамдық-гуманитарлық пәндерді алар болсақ (әсіресе этиқа мен психологияны) верификация принципінің көп жағдайда әлсіздігін байқауға болады. Ал осының негізінде олардың бәрін ғылымның шеңберінен шығарып тастауға, әрине, болмайды. Бұл логиқалық позитивизмнің негізгі кемшіліктеріне жатады.
Б.Расселдің әлеуметтік философиялық көзқарастарына келер болсақ, ол қоғам өмірінде белгілі бір даму заңдылықтары жоқ деген пікірге келеді. Адамдардың іс-әрекеттеріне шешуші ықпалды көбінесе олардың инстинктері мен кұштарлықтары тигізеді. Сонымен қатар ол адамның еріктік өмірге деген ынтасын терең бағалап, тоталитаризмнің қай түрін болмасын (сталинизм, фашизм) тұлғаны мемлекеттің құрсауына алғаны үшін қатты сынады.
Неопозитивизмнің екінші түрі - лингвистиқалық философияның өкілдеріне келер болсақ, олар философияның айналысатын негізгі ісін тілдегі сөздерді, ғылыми сөйлемдерді логиқалық жолмен талдаудан көреді. Л.Витгенштейннің ойынша, философия тек қана «тілге сын» ретінде ғана өмір сүре алады. Өзінің «Логиқалық-философиялық трактаттар» деген еңбегінде ол «Менің тілімнің Шеңбері менің Дүниемнін шеңберін құрайды», дейді. Бұл философия саласында ашылған үлкен жаңалықтардың бірі болды, өйткені қайсыбір ұлттық тілдің құрылымы сол халықтың дүниесезімі мен дүниені қабылдауына, керек болса, дүниеге деген көзқарасына шешуші ықпалын тигізеді. Оны біз қазір «халықтың менталитеті» деген ұғыммен береміз. Л.Витгенштейннің негізгі идеясы - тілдегі сөздерді ұқыпты пайдалану, басқа жағдайда ол бізді неше түрлі абстрактілік ұғымдардың кұрсауына қамап адастырады.
XX ғ. 50 жылдарынан бастап позитивизмнің соңғы саты дүниеге келді, оны постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негізгі өкілдері - Карл Раймунд Поппер (1902-1994 яок) Томас Самюәль Күн (1922 ж.), Имре Лакатос (1922-1974 жж)' Пауль Фейерабенд (1924 ж.) т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет