Қазақстанның егемен елге айналуы рухани салада зор серпіліс пен шабыт тудырды. Отандық философия сахнасына жоғарыда аталған үлкен тұлғалармен қатар жаңа буын көтеріліп, өзінің қомақты үлесін қосты. Қазақ халқының мыңдаған жылдық тереңдікке кететін руханияты, тілі, дүниесезімі қайта тексеріліп, зерттеліп, төл мәдениетімізді байытты. Бұл мәселелерге арналған М.Орынбековтіңбірнеше нәтижелі еңбектері жарық көрді. Сонымен қатар бұл салаға қомақты үлес қосқан С.Ақатайдың еңбектерін атауға болады. «Қазақтану» саласына біртұтастық тұрғыдан қарап, тарихи, әлеуметтік-экономиқалық, саяси-құктық, рухани сараптау жасаған Ж.Молдабеқовтіңеңбектерін атау қажет. Орта ғасырдағы отандық философияға жаңаша қарап, өз үлесін қосқан Ж.Алтаев болды.
Қазақ мдениетінің типтік бітімдерін зерттеп, оны ең соңғы мдениеттанудағы көкжиектермен үштастыра білген, мәдениет философиясының басқа да салаларын зерттеп жүрген Т.Ғабитовтың еңбектері ерекше қызықты да нәтижелі деп есептейміз.
Қазақ халқының тарихи қалыптасқан ділі мен дүниесезімінін ерекшеліктерін нәзік те терең көрсете білген Қ.Нұрлановатың еңбектерін атап өткен абзал. Отандық рухани мүраны зерттеуге Т.Айтқазин, Т.Бүрбаев, К.Бегалиноваөз үлестерін қосты.
Егемен Қазақстанға ғұлама Абайдың берері әлі көп. Бұл арада «Абайтану» саласын жаңа биік дрежеге көтеріп, басқа да философия салаларын зерттеуге өз қомақты улесін қосып журген Ғ.Есімніңеңбектері ерекше аталуға тиіс.
Қазақстан қоғамының түбегейлі өзгеруі, өз руханиятымызға жаңа дәрежеде қайта оралу, сонымен қатар дәуірдің қойған жаңа жалаптарына сәйкес жауап беру, Дүниежүзілік көштен қалын қалмау т.с.с. халықтың болашақ тағдырына байланысты көп мәселелер зиялылар қауымында, университеттер мінбелерінде қызу талданып, сарапталды, біршама қомақгы еңбектер жарық көрді.
Бұл арада неміс классиқалық философиясы көтерген өзекті мәселелерге өз үлесін қосқан, сонымен қатар Батыс Еуропа топырағында пайда болған ең соңғы ағымдарды талдап, оны өз руханиятымызбен салыстырып, мәдени философия саласында компаративті (салыстырмалы) зерттеулер жүргізіп жүрген дарынды ғалым Б.Нүржановтың еңбектері өтпелі қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді тереңірек тұсінуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Соңғы жылдары Ұлттық Ғылым академиясының Философия институтында қазіргі адамзаттың рухани-адамгершілік дағдарысы, соған байланысты Қазақстанның дамуындағы құндылықтар бағдарламасы, өтпелі дәуірдегі адамның экзистенциалдық вакумда қалып қоюы, әлеуметтік нормалардан ауытқу (аномия) т.с.с. күрделі де өзекті мәселелер акад. Ә.Нысанбаевтың жетекшілігімен зерттеліп, белгілі нәтижелерге қолымыз жетті. Оған өз үлесін қосқандар С.Колчигин, А.Хамидов, К.Әлжанов, И.Ерғалиев, Г.Соловьева, А.Қапышев, Р.Қадыржанов, З.Срсенбаева т.б.ғалымдар болды. Жоғарыдағы аталған ізденістермен Б.Құдайбергеновтің еңбектері де өз ерекшеліктерімен үндесіп жатады.
Өтпелі дәуірде философиялық деңгейде қажетгі түрде мына сұрақтар пайда болып, өз шешімін табуын талап етті: Ақиқат кімнің қолында? Қазіргі адамзаттың негізгі даму жолы Батыс, я болмаса Шығыс цивилизациясында ма? Дүниежүзілік көштен тағы да қалып қалмас үшін, Қазақстан қай жолмен дамуы керек? Бұлар, әрине, халық тағдырын, егеменді елдің болашағын анықтайтын сұрақтар.
Тарихи жеке адамның еріктігі мен жасампаздық іс-рекетіне негізделген Батыс цивилизациясы айнала ортаны өзгертіп, адамнын игілігіне жарату жолында соңғы үш-төрт ғасырдың, әсіресе XX ғ. шеңберінде орасан зор жетістіктерге жетті, оның ең биік сатысы - бүгінгі таңда постиндустриалдық цивилизацияның шеңберінде өмір сүріп жатқан біршама Еуропа елдері, АҚШ пен Қанада, Австралия т.с.с. Бұл елдер материалдық-техниқалық жағынан қандай биік сатыға көтерілгенмен, рухани жағынан сондай тайыздыққа төмендеді, оның дәлелі - орасан зор қылмыстық, маскүнемдік, нашақорлық т.с.с. қазіргі уақытта бізге жақсы таныс құбылыстар. Мәдениетті нарық жолына қою - тобырдың нәпсі, дене интенцияларына (бағыт) байланысты дөрекі мәдениет формаларын тудырды. Биік өнер тек қоғамның элитарлық аз тобының мүдделерін қанағаттандырады. Адамның қоғам өміріндегі мәртебесі оның байлығымен анықталатын болды. Ә.Фроммның айтуына қарағанда, «иелену арқылы болу» негізгі адам өмірінің мән-мағынасын анықтайтын принципке айналды. Сонымен тән ләззаты бірінші орынға қойылып, материализм бағыты тек қана философияда ғана емес, бүкіл өмірді шырмап, толығынан жеңді. Біз марксизмнің өзі Батыс дүниетанымының логикалық аяқталуы екенін естен шығармауымыз керек.
Енді Шығыс цивилизациясына келер болсақ, ол қауымдастыққа, қоғамдық мүдденің жеке адамға қарағанда жоғары тұруына негізделген. Бұл принципті өзінің логиқалық аяғына шейін жеткізіп, бүкіл жекеменшікті жойып, оны тотальды (біртұтас) мемлекеттендіру арқылы жаңа қоғамды орнатуға бағытталған орасан зор әлеуметтік тәжірибе кеңес елінде сәтсіздікке әкелгенін таяудағы тарихтан жақсы білеміз. Біршама Шығыс елдерінде өндіргіш күштер осы уақытқа шейін төмен деңгейде, кедейшілік, күнбе-күнгі ең қажетті нәрселердің жетіспеушілігі көп жылдарға созылған ауруға айналды.
Сонымен қатар кейбір Шығыс елдері (Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Қорея т.с.с.) өз ділі мен мәдениетін сақтаудың негізінде ең соңғы озық технологияларды игере біліп, постиндустриялық цивилизация сатысына көтерілді. Осы жолмен тез қарқынмен дамып келе жатқан жаңа ғана алғынан тұрып, болашаққа ұмтылған алпауыт Қытайды да атап кетуге болады.
Өз егемендігін алған Қазақ елінде реформалар басталғаннан
кейін көп ұзамай, либералдық-демократиялық саяси бағыт
басымдыққа ие болды. Алайда біздің пәніміз саясаттану емес,
философия болғандықтан, бұл салада қандай ойлар пайда болды
деген сұраққа жауап берейік. «Шындық, батыста бүгінгі таңдағы артта қалған елдер ертелі-кеш Батыс цивилизациясының соқпағына түсіп, дамиды. Олардың ұлттық мәдениеті, тілі ертең-ақ қоғамдық сананың шетінде қалың «универсалдық батыс түсінігі толығынан өз басымдығына жетеді. Бұл бүкіладамзат дамуының негізгі жолы» деген пікірді біз Н.Әмірқұлов пен Н.Масановтың90-шы жылдардың орта кезіндешыққан еңбектерінен окимыз. Бұлар ашық батысшылдар. Қазіргі қоғамдық санадағы олардың алатын орны мардымсыз. Екінші көлемді топқа астыртын батысшыларды жатқызуға болады билік басындағы біршама қызметкерлер, әсіресе, батыс елдерінен соңғы жылдары білім алған, өз елінде уақытында ұлттық мәдениеттен терен нәр алмаған жастар тобы). Олардың ойынша, батыс цивилизациясындағы жеке адамның шығармашылық іс-әрекетіне негізделген озық технологиялар, құқықтың мемлекет үлгілерін т.с.с. жетістіктерін алып, өмірге дереу енгізу керек, сонымен қатар жеке адамдардың кұқықтарын сақтау негізінде олардың жасампаздық; күш қуатын арттыру қажет; ұлттық руханиятгың дамуын сол жолға бағындыру - заңды нәрсе. Кейбір зиялылар қоғамды апаттан құлжарудың негізгі жолы исламдық бағытпен дамуда деген пікір айтады. Сонда ғана біз өз болмысымызды сақтап қалуға мүмкіндік аламыз. Алайда бұл бағытты қолдайтын топтар көп емес: ол, бір жағынан, кеңес заманынан бері келе жатқан ағарған саясатқа, екінші жағынан, қазақ халқының ислам дінінде тарихи терең тамырланбағанына байланысты болса керек. Соңғы зиялылар тобы отандық бағытты (А.Қасымжанов, Т.Срсенбаев, А.Қасабек, Д.Кішібеков, т.б.) ұстайды. Олардын ойынша, қоғамның түбегейлі өзгеру жолында ұлттық діліміз бен дәстүрлі мәдениетімізді сақтай отырын, озған елдердің жетістіктерін соларға бейімдей қабылдап, өзгеруіміз керек. Сонда ғана біз өз-өзімізді сақтап қалып, трансұлттық корпорациялардың тудырған жаңа мәңгүрттеріне айналмаймыз, ал жеке тұлғаның еріктігі әрқашанда қоғамдық мүдденің шеңберінен шықпай, құзға кетіп бара жатқан «соқырдың еріктігіне» ұқсамауға тиіс. Бұл бағыттын жақтаушылары зиялылар арасында ең кеп болғанымен, қазіргі саясатта олардын үндері әлсіз естіледі. Жалпы алғанда, либералдық-демократиялық саясаттың өзі нақтылы ащы шындықтың негізінде дүниеге келген болатын. Егемендікті алу барысындағы қалыптасқан ішкі және сыртқы ахуалдың өзі бізге басқа жолды тандауға мүмкіндік бермеді.Өкінішке қарай, оны егжей-тегжейлі талдауға кітаптың көлемі мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар қоғамның тез арада байлар мен кедейлерге әерекшеленіп, олардың арасындағы алшақтықтың өсуі, «байлық пен бақытты болу жақсы» деген идеологияның негізінде руханияттың үдеуі, қоғамның біршама бөлігінің, әсіресе буыны қатаймаған, өмірден алған тәжірибесі тайыз жастардың батыстық тойымсыздық пиғылына өтуі, осыған байланысты «әлеуметтік аномияның» (ауытқу) шектен тыс өсуі, жекешендірілу жолында жасалған келеңсіз жайттар т.с.с. әлеуметтік наразылықты күшейтіп, билік басындағылар жүргізіліп жатқан саясатқа түзетулер енгізуге мәжбүр болды. Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан саясаттың әлеуметтік-демократиялық бағытқа қарай жылжып бара жатқанын байқауға болады. Оның толық жеңісі - халық болашағын анықтайтын бағыт болмақ.