Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет156/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

Карл Густав Юнг (1875-1966 жж.) басында өз ұстазының көзқарасында болғанмен, жүре келе бисаналықты басқаша түсіне бастайды. Аурулардың көрген түстерін сараптай келе, ол онда халықтардың тарихи аңыз-әңгімелеріндегі кейіпкерлердің бейнелерін байқайды. Олай болса, адамның жеке басының бисаналығынан басқа, одан да терең «ұжымдық бисаналық» формалардың бар екенін байқайды. Егер жеке адамның бисаналық формалары сол адамның тәжірибесінен шыққан неше түрлі психикалық, уақытында ұмытылып, я болмаса ығыстырылған тебіреністерден тұратын болса, «ұжымдық бисаналық» бүкіладамзаттық тәжірибені қамтиды. Онда мыңдаған жылдардағы жиналған адамзат тәжірибесін, сонымен қатар адамға дейінгі хайуандық «жасырылған іздерді» байқауға болады. Олардың көбін халықтардың мифологиясы, аңыз-хиқаялары, діни сенімдіктеріндегі бір-біріне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, Жер-ана, перілер т.с.с. көркем бейнелерден байқауға болады. Оқтын-оқтын бұл бейнелер адамның түсіне келеді. Олардың бәрін К.Юнг «архетиптер» деген ұғыммен береді. Олардың нақтылы мазмұны жоқ символиқалық бейнелер, тірі тұлға өзінің өмір шеңберінде алған тәжірибесін сол символдарға толтырып, өзінің тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады.
Архетиптер халықтың әдет-ғүрыптары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Сонымен қатар олардың көбі тіпті тұқым қуу механизмдері арқылы созылып, әдет-ғұрыптар жойылып кеткеннің өзінде де өмірде қайталана беріледі.
Егер З.Фрейд пен К.Юнг жеке адамның психикасын, оның адамның жүріс-тұрысына тигізетін ықпалын зерттеген болса, онда А.Адлер (1870-1937 жж.), К.Хорни (1888-1959 жж.), Ә.Фромм (1900-1980 жж.) фрейдизмнің негізгі идеяларына сүйене отырып, қоғам өмірін зерттеуге тырысты.
А.Адлер фрейдизм іліміне «кқомпенсация» (толықтыру) ұғымын кіргізеді. Қайсыбір адамның психикасында өзінің дене кемшіліктерін сезінудің негізінде «өзіне деген сенімсіздік» бишаралық сезім пайда болады. Тұлға оны аттап өту жолында өзінің барлық шығармашылық мүмкіндіктерін сыртқа шығаруға тырысады. Осы адамның өз-өзін өмірде нағыз болуға итерген іс-әрекетін А.Адлер компенсация дейді. Ал адам осы жолда «компенсациядац да үстем» іс-әрекет жасаса, онда ол ұлылық дәрежесіне көтерілуі мүмкін (мысалы, Наполеонның денесінің кішілігі, Гитлердің аяғың сылтып басуы т.с.с. - олардың дене кемшіліктерін ұлы істер арқылы компенсациялау әрекетін тудырды деген пікір әдебиетте бар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет