Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет27/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы
150235, КУЕПВВПКВПКПВККВПКПКПКВВК, КУЕПВВПКВПКПВККВПКПКПКВВК, 2 сынып КТЖ, №1. Дәріс. Антенат.аур.Гипотрофия, №1. Дәріс. Антенат.аур.Гипотрофия, Задание по теме №3, 5 - практикалық сабақ АгрАгрономия негіздері инженерия, 5 - практикалық сабақ АгрАгрономия негіздері инженерия, 6-Тақырып практика каз, аргын, Занятия №4 вопросы, МВР реферат, 3 лабораториялық жұмыс, лабка3
Элея мектебі. Парменид пен Зенон
Парменид (ҮІ-У б.ғ.д.) Элеяда дүниеге келеді. Өсе келе, ол өзінің филоеофия мектебін құрады.
Парменидтің философия ғылымындағы жасаған жаңалығын асыра бағалау өте қиын, өйткені ол грек ой-өрісінің шеңберінде алғашқы рет Болмыс мәселесін қойып, оны өзінше шешеді. Сонымен философия ғылымының негізгі тарауларының бірі онтология дүниеге келеді (оntos — грек сөзі, болмыс, lоgоs — білім).
Парменидтің ойынша, Дүние жөніндегі ақиқатқа бір ғана жол бар, ол: «бар нәрсе бар, ал жоқ нәрсе жоқ, өмір сүрмейді. Олай болса, бізге жалғыз ғана жол қалады - ол Болмыс».
Жоғарыдағы көрсетілген ой-пікірден келесі тұжырымдар шығады:

  1. Бар нәрсе бар, болып жатыр;

  2. Жоқ нәрсе жоқ, өмір сүрмейді;

  1. Олай болса, пайда болу (дүниеде болмағанның пайда бо-
    луы) және құру (бар нәрсенің жоқ болып кетуі) деген жоқ, өмір
    сүрмейді;

  2. Кеңістік (қуыс) және уақыт (қазіргінің өткен шаққа ауысуы)
    жоқ, өмір сүрмейді;

  1. Бар нәрсенің бәрі - толы;

  1. Барлықтың құрамдас бөліктері жоқ (олай болса, кеңістікті
    мойындауға тура келер еді), ол - біртұтас;

  1. Барлық біреу болғаннан кейін, ол кемеліне келген;

  2. Қозғалыс жоқ, өйткені кеңістік жоқ.

Болмыс туған жоқ және жоғалмайды да. Өйткені болмыс бейболмыстан пайда бола алмайды, оның себебі, бейболмыс жок. Болмыстан еш нәрсе пайда болмайды, өйткені ол өмір сүріп жатыр.
Болмыстың уақыты – мәңгілік қазір, өйткені өткен шақ - ол жоқ, ал болашақты алатын болсақ - ол да әлі жоқ. Болмыс тұрақты және қозғалыссыз, өйткені қозғалысты мойындау бейболмысты мойындауға тең, ал ол - жоқ. «Мұндай тұжырымдарға мен ақыл-ой арқылы келдім», - дейді Парменид.
Екінші жалған жол - ол сезімдік таным жолы. Ол жол бізге өлім мен өмірдің бар екенін, Дүниедегі заттар мен құбылыстардың бәрінің өзгеріп отыратынын, бір нәрсенің Дүниеге келіп, екіншінің Дүниеден кетіп жатқанын көрсетеді.
Бірақ осы күнделікті өмірден алған тәжірибеге қарамастан, Парменид Дүниедегі сандық және сапалық өзгерістерді ешқандай мойындамай-ақ қойды. Оның мұндай көзқарасының қателігін көрсеткісі келетіндер ой-шенберінде оны жасай алмады, өйткені оның негізгі себебі - ой арқылы қозғалысты қамтудың, бейнелеудің орасан зор қиындығы. Керісінше, қайсыбір өзгеріс пен қозғалысты ой арқылы теріске шығару - анағұрлым жеңілірек. Міне, осы жолға түсіп, Парменидтің тұжырымдарын қолдаған ойшыл Зенон болды.
Зенон Элея топырағында б.ғ.д. VI ғ. аяғында дүниеге келеді. Аңыздар бойынша ол өз заманының саяси өміріне атсалысқан ойшыл болса керек. Тиран Неарх оны тұтқынға алып, оның билігіне қарсы шыққан адамдарды айт деп қинаған кезде, Зенон өз тілін тістеп кесіп, тиранның бетіне түкіріпті-міс деген аңыз тарихта қалған.
Екінші аңыз, керісінше, тиранның ең жақын достарын соның жаулары ретінде көрсетіп, Зенон оларды бір-біріне айдап салу арқылы елді сол тиранның билігінен құтқарғанын айтады.
Ал енді Зенонның философиялық көзқарастарына келетін болсақ, ол Дүниенің болмысын мойындаған, бірақ кеңістікті жоқ деп есептеген. Дүниедегі болмыстың табиғаты жылы мен суық, дымқыл мен құрғақтың қосындыларынан тұрады. Адамның өзі жерден, ал оның жан дүниесі жоғарғы көрсетілген 4 элементтің тең қосындыларынан тұрады деп есептеген.
Зенонның еңбектерінің негізгі жақтары - Парменидтің көзқарасын жақтау жолындағы кептік пен қозғалыстың жоқтығы жөніндегі дәлелдемелері.
Белгілі бір пәрсе қозғалыста болып, шыққан жерінен басқа нүктеге жетуі керек. Бірақ ол мүмкін емес, олай болса дұрыс емес. «Неге?» «Өйткені зат алдағы нүктеге жету үішін анықтықтың жартысын өту керек, ол үшін — жартының жартысын т.с.с. шексіздікке кете береді. Олай болса, зат қозғалмайды, бір орнында қала береді» дейді Зенон.
Екінші дихотомия (грек сөзі, қақ бөлу деген мағына береді) — «Ахилл». Жүйрік Ахилл ете баяу қозғалатын тасбақаға жете алмайды. Оның дәлелдемесін жоғарыда көрсеткенбіз.
Үшіншісі - «Оқ». Садақтан атылған оқ тұрақты, қозғалмайды. Өйткені әрбір уақыттың сәттісінде атылған оқ белгілі кеңістікте тұрақты орын алады. Келесі сәтте келесі кеңістікте тұрақтайды. Ал тұрақтаулардың қосындысы тұрақтылықты береді. Олай болса, атылған оқ козғалмайды.
Зенонның көптікті теріске шығаруға арналған дәлелдемелері де қызықты. Көпшілік көп бірліктерден тұрады, бірақ ол мүмкін емес. «Егер Дүние көп болса, онда қажетті түрде, олардың саны өздеріне тең. Бірақ олар шексіздікке кетеді, өйткені екі дүниенің ортасына тағы бір дүниені, олардың екі ортасында тағы да екі дүниені орналастыруға болады, яғни бұл да шексіздікке кетеді. Олай болса, тек біреу ғана бар, ал көптік жоқ».
Зенон өзінің дәлелдемелерімен Логостың мәртебесін жоғары көтеріп, қозғалыс пен көптікті әрі қарай оймен зерттеудің, бейнелеудің қажеттігін басқа ойшылдарға көрсетті.
Элей философиясы өкілдерінің бардың біреу екені ғана және оның қозғалмайтындығы, туралы тұжырымдары басқа ойшылдарды қанағаттандырмады.
Дүниедегі қозғалыстың бар екені барлық адамдарға аян. Олай болса, ол мүмкін. Ал қозғалыс болса, онда Парменидтің бірлігіне негізгі соққы тиеді. Бұл пайда болған жаңа ой-ерісті дамытқан Эмпедокл болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет